«Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру»
ҚР Конституциясына сәйкес, Қазақстанның әр азаматында еңбек етуге құқығы бар. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар да. Кез келген топтағы мүгедектер еңбекке қабілетті екені мәлім, бірақ бірінші және екінші топтағыларға медициналық комиссиядан рұқсат алу керек. Айта кету керек, жұмысқа орналасқанда мүгедектігі бар адам әркез дені сау адаммен толықтай тең құқылы.
