Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімділік мақсатында әлеуметтік нысандарды тексерді

2020 жылдың 1 жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау және қадағалау тексерулерінің бекітілген тізімін орындау шеңберінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері Әулиекөл және Меңдіқара аудандарының әлеуметтік нысандары бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін нысандардың қол жетімділігі мәселесі бойынша профилактикалық бақылау жүргізді.

Меңдіқара ауданы, Әулиекөл с.әкім аппараттарының ғимараттарында, балалар - жасөспірімдер спорт мектептерінде, сондай-ақ Әулиекөл ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімінде бақылау жүргізді.

Бақылау барысында аталған объектілер құрылыс нормалары мен ережелерінің барлық талаптарын ескере отырып қол жетімді емес екендігі анықталды.

Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша бақылау субъектілеріне мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың бұзылуын жою туралы нұсқамалар енгізілді. Аталған мерзімде Департамент қызметкерлері нұсқамалардың орындалуы бойынша бақылау тексерістерін жүргізетін болады. Берілген нұсқамалар орындалмаған жағдайда, бақылау субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

--------------------------------------------------------------

В рамках исполнения утвержденного списка проверок профилактического контроля и надзора на 1 полугодие 2020 года сотрудниками отдела по контролю в сфере социальной защиты населения проведен профилактический контроль по социальным объектам Аулиекольского и Мендыкаринского района по вопросу доступности объектов для лиц с инвалидностью.

Провели контроль в зданиях аппаратов акимов Мендыкаринского района, с.Аулиеколь, Детско- юношеских спортивных школах, а также в Отделе Аулиекольского района по обслуживанию населения.

В ходе контроля выявлено, что данные объекты не доступны с учетом всех требований строительных норм и правил.

По итогам профилактического контроля субъектам контроля внесены предписания об устранении нарушений законодательства о социальной защите инвалидов со сроками для исполнения. К указанному сроку, сотрудниками Департамента будут проведены контрольные проверки по исполнению предписаний. В случае неисполнения выданных предписаний, субъекты контроля будут уже привлечены к административной ответственности.

0
0
223

Осы тақырып бойынша

Мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімділік мақсатында әлеуметтік нысандарды тексерді - Yvision.kz