Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын іске асыру
Оңалту іс-шараларын жүргізу кезінде оңалту іс-шараларын жүзеге асырудың жеке-даралығы, дәйектілігі, кешенділігі, сабақтастығы және үздіксіздігі, жүргізілген оңалту іс-шараларын динамикалық байқау және тиімділігін бақылау қамтамасыз етіледі.
Медициналық оңалтуды денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес медициналық ұйымдар жүргізеді. Әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары, сондай-ақ еңбек жарақаты және/немесе кәсіптік ауру жағдайларында жұмыс берушілер жүргізеді.
ОЖБ-ның медициналық бөлігінің орындалуы туралы деректерді медициналық ұйымдардың мамандары медициналық ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне енгізеді.
ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігінің орындалуы туралы деректерді халықты әлеуметтік қорғау жүйесі ұйымдарының мамандары "Е-собес" ААЖ-ға енгізеді.
ОЖБ-ның кәсіптік бөлігінің орындалуы туралы деректерді жұмыспен қамту орталығының мамандары "Еңбек нарығы" ААЖ-ға енгізеді.
Жұмыс берушілердің ОЖБ-ның әлеуметтік және/немесе кәсіптік бөліктерін орындауы туралы деректерді куәландырылатын адамның ақпараты негізінде МӘС мамандары "МОБД" ААЖ-ға енгізеді.
МӘС бөлімі ОЖБ-ның іске асырылуына мониторингті және ОЖБ жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалауды мүгедекті кезекті куәландыру кезінде жүзеге асырады.
ОЖБ медициналық бөлігінің жүргізілген кешенді оңалту іс-шараларының тиімділігін бағалауды мультидисциплинарлық команда, медициналық ұйымның ДКК жүзеге асырады.
Оңалту іс-шараларын орындамау себептеріне қарай, көрсетілімдердің болуы кезінде МӘС бөлімі ОЖБ-ның әлеуметтік, кәсіптік бөліктеріне түзету жүргізеді және (немесе) оңалту іс-шараларын одан әрі жүргізудің қажеттігі және орындылығы туралы мәселені шешеді.
***
При проведении реабилитационных мероприятий обеспечиваются индивидуальность, последовательность, комплексность, преемственность и непрерывность осуществления реабилитационных мероприятий, динамическое наблюдение и контроль за эффективностью проведенных реабилитационных мероприятий.
Медицинскую реабилитацию проводят медицинские организации в соответствии с законодательством в сфере здравоохранения. Социальную и профессиональную реабилитацию проводят организации системы социальной защиты населения, а также работодатели в случаях трудового увечья и/или профессионального заболевания.
Данные о выполнении медицинской части ИПР вносятся специалистами медицинских организаций в соответствующие информационные системы медицинских организаций.
Данные о выполнении социальной части ИПР вносятся специалистами организаций системы социальной защиты населения в АИС "Е-собес".
Данные о выполнении профессиональной части ИПР вносятся специалистами Центра занятости в АИС "Рынок труда".
Данные о выполнении социальной и/или профессиональной частей ИПР работодателями вносятся в АИС "ЦБДИ" специалистами МСЭ на основании информации освидетельствуемого лица.
Отделом МСЭ осуществляется мониторинг за реализацией ИПР и оценка эффективности мероприятий по ИПР при очередном освидетельствовании инвалида.
Оценка эффективности проведенных комплексных реабилитационных мероприятий медицинской части ИПР осуществляется мультидисциплинарной командой, ВКК медицинской организации.
В зависимости от причин невыполнения реабилитационных мероприятий, при наличии показаний, отдел МСЭ проводит коррекцию социальной, профессиональной частей ИПР и (или) решает вопрос о необходимости и целесообразности дальнейшего проведения реабилитационных мероприятий.
