ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы

1

2017 жылы 13 қаңтарда сағат 10.00-де бейнеконференц байланыс режимінде Ұлттық банк ғимаратында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Қасымқызы Дүйсенованың төрағалығымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков, Астана және Алматы қалалары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, жергілікті атқару органдарының, ҮЕҰ-ның өкілдері қатысты.

Отырыс барысында 2016 жылға арналған үйлестіру кеңесі жұмысының қорытындысы шығарылды. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016 -2018 жылдар) іске асыру барысы туралы, сонымен қатар  мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі  2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру барысында қоғамдық мониторингтің мүгедектер істері жөніндегі Кеңесшілер институтының жұмыстары туралы қаралды. Мүгедектерді қоғамның мәдени және спорттық өміріне қатысуын кеңейту мәселелері талқыланды.

Отырыс соңында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Қасымқызы Дүйсенова 2017 жылға арналған мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін бірқатар міндеттер қойды.