Мүгедек балаларға арналған жәрдемақыны ұлғайту.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі-заң) мүгедектігі бойынша жәрдемақылар сараланған түрде жеті жастан бастап балаларға мүгедектік топтарын белгілеу жөніндегі норма регламенттелген.
Заңда денсаулық жағдайына, тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесіне және бала организмінің қызметінің бұзылуына байланысты 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу нормасы көзделген.
Егер бұрын мүгедектік тобы 16 жасында белгіленсе, қазір бұл жас жеті жасқа дейін қысқартылғанын атап өтеміз. Бұл өзгеріс мүгедек балаларға арналған жәрдемақы мөлшеріне әсер етті.
ҚР "Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Заңына сәйкес, бұрын 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТК) мөлшерінде жәрдемақы тағайындалған. Енді мұндай төлем жеті жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана төленеді. Жәрдемақы мөлшері де 1,4 ЕТКболып қалады. Жеті жастан бастап жәрдемақы мүгедектік тобына байланысты өсуі мүмкін.
Ағымдағы жылы бірінші топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін жәрдемақы мөлшері 1,92 ЕТКнемесе 65 860 теңгені, екінші топ үшін 1,59 ЕТКнемесе 54 541 теңгені, ал үшінші топ үшін 1,4 ЕТКнемесе 48 023 теңгені құрайды.
***
Законом Республики Казахстан от 12 октября 2021 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальной защиты отдельных категорий граждан» (далее-Закон) регламентирована норма по установлению групп инвалидности детям с семи лет с дифферинциацией пособий по инвалидности.
Законом предусмотрена норма по разделению детей от 7 до 16 лет по группам инвалидности, в зависимости от состояния здоровья, степени ограничения жизнедеятельности и нарушения функция организма ребенка.
Отмечаем, что если раньше группа инвалидности устанавливалась в 16 лет, то теперь этот возраст сокращен до семи лет. Данное изменение повлияло на размеры пособий для детей с инвалидностью.
Согласно Закону РК «О государственных социальных пособиях по инвалидности и по случаю потери кормильца», ранее детям инвалидам до 16 лет назначалось пособие в размере 1,4 прожиточного минимума (ПМ). Теперь такая выплата будет положена только детям с ограниченными возможностями до семи лет. Размер пособия останется также 1,4 ПМ. С семи лет пособие может увеличиваться в зависимости от группы инвалидности.
В текущем году для детей- инвалидов с 7 до 18 лет первой группы размер пособия составит 1,92 ПМ или 65 860 тенге, для второй группы 1,59 ПМ или 54 541 тенге, а для третьей группы 1,4 ПМ или 48 023 тенге.
