Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Мүгедек адамдар үшін өмір сүру сапасын жақсарту.

Өткен аптаның соңында Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков жұмыс сапары аясында Денисов және Қамысты аудандарына барды. Сапардың мақсаты-жергілікті атқарушы органдардың құқықтарды қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды орындау шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ Nur Otan партиясының "Өзгерістер жолы, әркімге лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы. Облыс бойынша ағымдағы жылғы міндет мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін кемінде 259 объектіні толық бейімдеу. 2021 жылға арналған Денисов ауданында халықтың қауқары аз топтары үшін - 20 объект, Қамысты ауданында-8 объект бейімделуге жатады. Жұмыс сапары барысында Департамент басшысы келесі нысандарды аралады: мектептер, мәдениет үйлері, ауылдық әкімдіктер және басқа да нысандар. Нысан басшыларына бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді. Нысандарды аралау қорытындысы бойынша М.Т. Мұратбеков Қамысты ауданының әкімі Г.Е. Бекмұхамедовтың және Денисов ауданы әкімінің орынбасары Е.Н. Поделодың қатысуымен өңірлердің ведомствоаралық комиссияларымен және осы объектілердің баланс ұстаушыларымен осы жұмысты ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді. Өңірлер әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері басшыларының есептері тыңдалды. М.Т. Мұратбеков өз сөзінде аудандарда қолжетімді кедергісіз орта құру мәселесі бойынша кемшіліктерді атап өтті. Департамент басшысы атап өткендей: "Басты міндет-аудандардағы барлық жоспарланған нысандар ағымдағы жылы мүгедек адамдардың барлық санаттарына қолжетімді болуы". Өз кезегінде өңірлер басшылығы жоспарларды орындау туралы нақты міндеттер қойды.

*** В конце уходящей недели руководитель Департамента Муратбеков М. Т. в рамках рабочей поездки посетил Денисовский и Камыстинский районы. Цель поездки- проводимая работа местными исполнительными органами по обеспечению объектов социальной инфраструктуры доступностью для лиц с особыми потребностями в рамках исполнения Национального плана по обеспечению прав и улучшению их качества жизни, а также по реализации Предвыборной программы партии Nur Otan "Путь перемен, достойную жизнь каждому". Задача по области в текущем году полностью адаптировать для всех категорий лиц с инвалидностью не менее 259 объектов. В Денисовском районе на 2021 год, подлежит адаптации для маломобильных групп населения - 20 объектов, в Камыстинском рйоне-8 объектов. В ходе рабочей поездки руководитель Департамента посетил следующие объекты: школы, Дома культуры, сельские акиматы и прочие объекты. Руководителям объектов были даны рекомендации по устранению нарушений. По итогам осмотра объектов Муратбеков М.Т. провел совещание с участием акима Камыстинского района Бекмухамедова Г.Е. и заместителя акима Денисовского района Подело Е.Н. с межведомственными комиссиями регионов и балансодержателями данных объектов по организации данной работы. Заслушаны отчеты руководителей отделов занятости и социальных программ акимата регионов. Муратбеков М. Т. в своём выступлении дал оценку и указал на недоработки по вопросу создания доступной безбарьерной среды в районах. Как отметил руководитель департамента: "Главная задача, чтобы все запланированные объекты в районах, в текущем году стали доступны для всех категорий лиц с инвалидностью". В свою очередь руководством регионов поставлены конкретные задачи о выполнении планов.

0
0
247

Осы тақырып бойынша