Мүгедек адамдарға қызмет көрсету үшін жаңа сервистер

А.ж. 3 мамырда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының СҚО бойынша филиалы - «ХҚКО» департаментінің № 1 бөлімінде «Электронды үкімет» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу жаңа мүмкіндіктерін және шарттарын түсіндіру» - атты семинар болып өтті, осы семинарға СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ә.А. Ержанова, «Біз қолдаймыз!» қоғамдық қорының және мүгедектік спорт федерациясының өкілдері қатысты.

Семинар барысында, есту және сөйлеу қабілеттері шектеулі адамдар үшін кедергісіз мемлекеттік қызметтерді алу үшін «SURDO-ONLINE» онлайн-аударма қызметінің жобасы ұсынылды және оның жұмысы жөнінде түсіндірме берілді. Осы жоба «Азаматтарға арналған үкімет» МК және «Қазақстан Республикалық Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің қоғамы» ҚБ-тің бастамасы бойынша енгізілді.
Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қажетті азаматтың мәртебесін нақтылау үшін электрондық үкімет порталы арқылы, ХҚКО-ларда орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету және қол жеткізу қоғамдық орындарындағы мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ ХҚКО ғимараттарында мүгедектерге жасалған жағдайлар туралы мәселеле қарастырылды.
