Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәдениеті жоғары елдің, надандығы төмен

пен «Өнер» галерясында кездестім. Бұл азаматтармен кезінде Ақтау қаласы әкімі болып жүрген кезде танысқанмын, галереяларына барыпта көрдім. Өзіндік стильдері, жақсы идеялары бар суретшілер. Ұмытпасам 2015 жылы болуы керек, Ресейдің белгілі суретшісі Никас Сафроновтың Ақтауда көрмесін де осы азаматтар ұйымдастырған болатын. Осы жігіттердің арқасында Никаспен Мәскеуде кездесіп, танысып, сұхбаттасқанмын.Кеше суретші інілерімАймурат ТанатовжәнеТынышбек Балтабаев

Суретші інілеріммен мәдениет саласындағы біраз мәселелер туралы сұхбат болды. Бізде әлі кенже қалып отырған сұрақтар сөз болды. Мәдениет саласын басқарып жүрген азаматтар ренжімесін, біз әлі де жүйелі жұмыстарды ұйымдастыра алмай жүрміз, оны ішінде бейнелеу өнері де бар. Өңірімізде суретшілер көрмелерін ұйымдастыру, оған жастарды, әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тарту, тренингтер өткізу. Арнайы тақырыппен жасалған суретші көрмелеріне ақын-жазушыларды, әншілерді шақырып, симбиоз жасап шара өткізу және т.с.с. Бұлардың бәріне ең бірінші атқарушы билік тарапынан қолдау қажет. «Неге тұрғындарымыз теңіз жағасындағы пальмаларды талқандайды, өсіп тұрған ағаштарды жұлады, тым жақсы дүниелерді бұзады, себебі мәдениетті дамытуға тиісті көңіл бөлмейміз. Айтсақ бізден жаман адам жоқ. Біз өзіміз үшін емес, осы елдің мәдениетін көтерейік деп жүрміз» деді Аймұрат інім қынжылып. Шындығында солай «Мәдениеті жоғары елдің, надандығы төмен».

Кезінде Ливерпульда мэрлер саммитінде Сингапурден келген бір азамат диаграмма көрсеткен, мәдениет пен экономика арасында тығыз байланыстың бар екенін. Өркендеген мәдениет экономиканың дамуына да әсер етеді екен. Біз көп нәрсені әлемдік тәжірибелерден алғанымыз жөн. Мысалы Мәскеу қаласының мәдениет департаменті жыл сайын арнайы мәдениет форумын өткізеді. Ол жерде барлық Мәскеудің мәдениет ошақтарына орын беріледі, белгілі әртістер өнерін көрсетеді, көрмелер және басқа да шаралар өтеді. Тұрғындар мен қонақтар үшін тегін. Ресейдің астанасында үнемі шетел суретшілерінің немесе жаңа технологияларды пайдаланып неше түрлі дүниелерді көрсететін көрмелер ұйымдастырылады. Адамдар ширетте сағаттап тұрып, кіреді. Әлемге әйгілі брендтер «Гуччи» мен «Салваторе Феррегамо» Флоренцияда тек өз дүниелерін сатып қоймайды, олардың дүкендерінің бір бөлігі мұражай. Келген туристер мұражайға да, дүкенге де ақша тастап кетеді. Дүкеннен көрі, мұражайда адам көп жүреді.

Жалпы басқа елге барсам мұражайларын, тарих жерлерін, көрмелерін, фестивальдарын көруге тырысам. Біздің мәдениет пен тарихымызға қатысты нәрселерді іздеймін. Бұл мәдени ошақтардан сол елдің тарихын, салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік-экономикалық дамуын, цивилизациядағы орнын және басқа да дүниелерін танып-білуге болады. Ал, біз барымызды бағаламай, қолдағыны көрсете алмай жүрміз. Әсіресе Маңғыстауда. Бізде әлемді қызықтыратын нәрсе көп. Табиғатымызды, өнерімізді, салт-дәстүрімізді және басқа да рухани құндылықтарымызды ғылыми негізде біріктіріп, халықаралық дәрежедегі кешенді дүние жасап, алыс-жақын елдің азаматтарын тартатын рухани-мәдени орта жасау қажетпіз. Оған бізде барлық мүмкіндіктер бар деп ойлаймын!

партиясы мәдени құндылытарымыздың сақталуы мен өркендеуін ұдайы қолдайды. Өйткені ол – қоғамымыздың құнды қазынасы.Nur Otan

Nur Otan Маңғыстау облысы

Nur Otan Aktau

#edilzhangbyrshin

0
0
181

Осы тақырып бойынша

Мәдениеті жоғары елдің, надандығы төмен - Yvision.kz