Мәдениет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы
2019 жылдың 21 қараша күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Орал қаласының Жастар мәдениет үйі ұжымы және колледж оқушыларымен кездесу өткізді.
Шараға Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысып, бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және Арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.
Жастар мәдениет үйінің жас қызметкерлері Парақорлық туралы арнайы театрландырылған көрініс қойды.
