«Мәдениет – руханият өзегі»
2018 жылдың 05 желтоқсанда Жастар мәдениет үйінде Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы аясында және 9-желтоқсан сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне орай «Мәдениет – руханият өзегі» атты шара өткізілді.
Шара барысында аула клубтарының көрмесі ұйымдастырылып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның алдын-алу мақсатында көрініс қойылды.
Шараға Департамент қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және жастар қатысты.
