Бүгінгі мақаламды қоғамдық ортадағы келеңсіздікке арнағым келеді. Яғни қоғамдық көлік «АВТОБУСТАР» туралы сөз қозғасам ба деймін. Өзім оқуға барып, келу үшін автобусқа күніне 4 рет мінемін. Сол уақытта әртүрлі оқиғалармен соқтығысамын. Болашақ журналист болғасын ба білмеймін, кез-келген нәрсеге көңіл аударып отырамыз. Әңгімемді автобуста жол ақысын жинайтын қызметкер яғни «КОНДУКТОРлардан» бастайын. Олардың да өз нанын табу үшін, күндіз түні жүретінін білеміз және түсінеміз де. Бірақ әр нәрсенің, әр кәсіптің өз ережесі мен мәдениеті болады емес пе? Қазіргі заманда ақша кімге керек емес, бірақ сол ақшаға құныққандары сонша, көше бойындағы мектеп оқушылары үшін тоқтамайды. Ал іштегі жаны ашыған қарапайым халық дауласса бәрінің жауабы бір « Біз еріккеннен жүрген жоқпыз, қырғын баланы тегіннен тегін тасый бермейміз ғой, ақша төлеп мінетін адамдар сыймай қалады» дейді. Қарап тұрсаң мүлдем ақылға сыймайтын нәрсе. Осыдан бір-екі күн бұрын автобуста отырғанмын, жолға тоқтап ересек адамдарды алды да, мектеп оқушыларын тастап кетті. Ашуланғаным сонша, мінгізіңіз қақаған қыста жаяу бармайды ғой деп дауыс көтерген едім « Жаны ашысаң өзің төле бәріне» деді. Қаншама рет дауласып, жаман атаққа қалып жатырсақта бұған еш тосқауыл жоқ. Мектеп жасындағы балаларға тек мектепке барып, келу ғана тегін. Ал қазіргі балалар көптеген үйірмелерге қатысады. Сол үйірмеге бара жатырған балалардан жол ақысын толықтай төлеуін талап етеді. Қаншама рет «Апа ақша жоқ» деген балалардың сөзіне еш қиналмай «Жоқ болса неге міндің түс» деп түсіріп жіберетінде өз көзім көрген. Бұл қазақ деген атымызға лайық па? Кішкентай мектеп жасындағы балалар 80 теңге ақшаны қайдан алады? Сол кішкентай балалардың жол ақысынан ел дамып кетпейді ғой? Халықтың жан ашары ретінде осы іске тоқтау салғанын қалаймын.
Ал екінші айтылатын мәселе ,бұл қоғамдық көліктегі жастар. Қолдарында телефон құлақтарында «наушник» таққан жастар мәдениет деген нәрсені мүлдем ұмытқан тәрізді. Кезінде ел үшін, біздер үшін жан аямай ел қорғаған аталарымызға бір орынды беруге жағдайлары жетпейді. Бұл санасыздық па? Әлде тәрбиенің төмендігі ме? Солмен қоса айтуға ұят болсада ащы шындықты жария етейін. Ар менен ұяттан бір жола кеткен қазақ қыздарымыз көптеп кетті. Өзін қоғамдық көлікте екенін тіпті білмейлі де. Ауыздары толған лас сөз, Және бастары қосылса қатты ерсі күлу. Иә бұл шынымен қазақ қыздарының әрекеті. Ер балдарымызға келетін болсақ, жанында аналары немесе нәзік жанды қыздар тұрсада еш қымсынбай отыратыны тағы бар. Біз қазақ жігіттерін отан қорғайтын азаматтар ретінде құрметтеп, өзімізден бір саты жоғары қоямыз. Сонда қыз бала үшін отырған орнын бере алмайтын жігіт кейін қайтіп ел қорғайды? Соңғы айтарым қазір екенің бірінде телефон бар. Сол телефонмен құдды бір үйінде жүргендей бар дауысын шығарып сөйлеседі. Бұл қоғамдық көлік сондықтан мәдениеттілікті қашанда сақтай білу керек.
Айта берсең сөз көп бірақ тоқтау қашанда жоқ. Біз қазақпыз ар-намыс, ұят деген қасиеттер бізге тиесілі. Сондықтан сол атымызды жоғалтпауға тырысайық.
ЖАЛҒАСОВА АИДА