Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәдениет қайраткерін еске алу кеші өтті.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының ұйымдастыруымен​ аудандық орталық кітапханада қазақтың әйгілі күйші –сазгері, композиторы, дирежёр Нұрғиса Тілендиевтың 95 жылдығына​ орай «Өмірін - өнерімен өрнектеген» атты өнертану кеші өтті. Кеште оқырмандарды қазақ композиторының аспаптық музыкасы жайлы шығармалары мен өлеңдері жайлы таныстырылды. Жас өнерпаздарымыз Б.Мамыр​ мен А.Аранғазиевалар ұлттық аспапта Н.Тілендиевтің күйлерін шырқады.Кешке арнап «Өнерін өнеге еткен​ Нұрғиса Тілендиев» атты кітап көрмесі өткізілді.

0
0
110

Осы тақырып бойынша

Мәдениет қайраткерін еске алу кеші өтті. - Yvision.kz