Мәдени аула
Бүгін, 4 маусым күні сағат 16.00-де Қостанай облысы әкімдігінің облыстық мәдениет басқармасы жанынан «Мәдени ауланың» ашылуы болады. «Мәдени аула» - шығармашылық шеберханаларға қатысып, жаңа кітаптар туралы біліп, үстел ойындарын ойнап, шеберлер жәрмеңкесін тамашалап бүкіл отбасымен уақыт өткізуге болатын кеңістік. Сондай-ақ, өзіңіздің кітабыңызды әкеліп, басқа ұнаған кітапты алуға болатын буккроссинг қатысушысы бола аласыз. Сейсенбіден жұмаға дейін сағат 16.00-18.00 аралығында сіздерді Әл-Фараби даңғылы, 60 мекен-жайында күтеміз.
