Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі» МҚҚК қызметкерлерімен кездесті.

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық штабтың мүшелері «М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі» МҚҚК қызметкерлерімен кездесті. Кездесуді аудандық қоғамдық штабтың мүшелері Б.Қуанәлиев,Т.Кадимов және А.Джуманиязов қатысып кандидаттың сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, насихаттады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру жолындағы жұмыстарына күнделікті куә болып жүрміз. Әрбір іс тиянақты түрде жүзеге асуда. Жыл сайынғы жолдауларында әрбір ел азаматының жүрегіне жететін жобаларды ұсынады. Сайлауалды бағдарламасының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым» деп аталатынын түсіндіріп, сайлауда белсенділік танытуға, білім беру саласы қызметкерлеріне бұл істе үлкен жауапкершілік жүктелетінін тілге тиек етті. Өз кезегінде сөз алған Г.Хамиева қоғамды жаңарту мен әділетті Қазақстанды құруды көздейтін реформаларды жүзеге асыру үшін бірлік пен келісім қажет екенін айтты.

#Toqaev2022

0
0
212

Осы тақырып бойынша