Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлыстың ұлы күні-наурыз мейрамы

Наурыз-күн мен түннің теңеліп,табиғаттың ерекше бір түрге бөленіп,жаңаратын кезі.Наурыз-ел-жұрттың қаһарлы қыстан аман-есен шығып,бір-бірімен құшақ жайып,емен-жарқын табысатын айы.Наурыз-табиғат атаулының тіріліп,өмірге жаңа құлшыныспен қадам басатын шағы.Наурыз жаңа күн деген мағына білдіреді.Бұрын халқымыз Наурызға ерекше дайындықпен келген.Әрбір отбасы үйіне қос шырақ жаққан,ыдыстардың бәріне ақ құйған.Бұл адамзаттың Табиғат-анаға деген тағзымын көрсетеді деп сенген.Ауылда наурыз айы келгенде бұлақтардың көзін ашып,ағаштар отырғызады.Елдегі ағайындардың барлығы наурыз күні бір-бірімен көрісіп,құшақтасып,реніш-өкпелерін ұмытып, наурыз көже ішіп жатады.Түрлі жарыстар,бәйгелер ұйымдастырылады.Қазақтың қазақ екенін,тәуелсіз мемлекет екенін дәлелдейтін бірден-бір мереке-наурыз болуға тиіс.Тұсаукесерден бастап,жар-жар,үйлену тойына дейін өз дәстүрімен,өз салтымен өткізілуі қажет.Наурыз-Қазақстан атты шаңырағымыздың ұлттық мерекелерінің нағыз қайнарына айналуы тиіс.

0
0
2202

Осы тақырып бойынша

Ұлыстың ұлы күні-наурыз мейрамы - Yvision.kz