«Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл-Фарабидің даналық негіздері»
«Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалының республикалық жүйелік кестесіндегі іс-шара аясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанындағы колледж

де «Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл-Фарабидің даналық негіздері» атты онлайн конференциясы өткізілді.
Мақсаты – 2020 жылы туғанына 1150 жыл толғалы отырған дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, адамзаттың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын, тарихы мен тағылымын, маңызын өскелең ұрпаққа ашып көрсете отырып, жастарға Әл-Фараби мұраларының бүгінгі ұрпақ үшін өнеге екенін насихаттау.
