Ұлы ойшыл, ғалым және ақын Жүсіп Баласағұнның «Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдық мерейтойы
Ұлы ойшыл, ғалым және ақын Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдық мерейтойына орай Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйғарымымен 2020 жыл «Жүсіп Баласағұн жылы» болып жарияланды.
Жүсіп Баласағұни өз заманында алуға болатын барлық білімді алуға тырысқан. Замандасы Фарабидің туындыларын оқып, оның пікірлерімен танысқан.Оның туындыларында білім- өмірдіңмәні және қоғамның мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі.
Ойшылдың пікірінше, білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алын алу үшін қажет. Білім- адамның өз болмысын танып білуге, иманын жетілдіруге,өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол.
Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды:
"Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік".
Біз – түбі бір түркіміз. Түріктік әлемдегі түбірлес, тектес асыл рухани қазыналар Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» ұлттық жобасынан табиғи жалғасын тауып, жаңғырғанын аңғарамыз. Адамзаттың, түркі әлемінің рухын жаңғыртар, жаңартар ұстанымдар мұнымен шектелмейді. Ортақ тарихымыз бен мәдениетімізге назар аударып, күш-жігерімізді сарқа жұмсап зерттейтін уақыт жетті. Ендеше, осы бағыттағы әрекет пен еңбегіміз жемісті болсын, инемен құдық қазғандай ғылыми жұмыстарымыз мен табыстарымыз көп болғаны.
Досалы Балжан Ерболқызы -Жамбыл аудандық "Jas Otan" жастар қанаты жетекшісі
