Ұлы Отан соғысының ардагері Ығылманов Сүйеу Ығылманұлы
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 76-жылдығына орай "Nur Otan" партиясының Шыңғырлау аудандық филиалы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында аудан ардагерлерінің өмірбаяны мен олардың ерлігі туралы мәліметтерді қамтитын жарияланымдар бойынша "Challenge" ұйымдастырды. Осыған байланысты мен Ұлы Отан соғысының ардагері Ығылманов Сүйеу Ығылманұлы ауданның құрметті азаматы туралы мәліметті ұсынбақпын.
Ығылманов Сүйеу Ығылманұлы 1924 жылы Гурьев облысының Қызылкөшші ауданыныда дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының қиын жылдарында Орал педагогикалық училищесін бітірген. 1942 жылы Ленинград әскери байланыс училищесіне 6 ай оқуға жолдаған, Сүйеу Ығылманұлы 2-ші танк армиясының мотоатқыштар батальонының құрамында Украина майданына жіберіледі. Ұрасқа қатыса отырып Румынияны, Польшаны,Германияны басып өтеді. Соғысты Рейхстаг қабырғасында аяқтайды.
Кеңес Армиясының қатарынан оралғаннан кейін 1949 жылы Орал қа-ласында бандитизммен күрес жөніндегі жедел өкілінің көмекшісі, жедел өкілі болып жұмыс істей бастаған. Фурманов аудандық ішкі істер бөлімін бес жыл басқарған. Бөрлі және Шыңғырлау аудандары бөлінгеннен кейін С.Ығылмановты 1965 жылдың қантар айында Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөліміне бастық етіп жібереді. Ол осы лауазымда 1974 жылға дейін қызмет етеді.
Өзі міндетіне жауапкершілікпен қараған және жақсы қызметі үшін Сүйеу Ығылманұлы «Табанды қызметі үшін», «Қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі жақсы қызметі үшін» медальдарымен, ҚазССР қоғам-дық тәртіп қорғау Министрлігінің Құрмет грамотасымен, Орал облыстық атқару комитеті ішкі істер басқармасының, аудандық атқару комитеттерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
С.Ы. Ығылманов құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін 1974 жылы Қызылкөл селолық кеңесі атқару комитетін 10 жыл басқарып, 9 жыл осы совзоздың азаматтық қорғаныс штабының бастығы болып қызмет атқарған.
Халық депуттары аудандық және селолық кеңестерінің бірнеше мәрте депутаты болып сайланды.2000 жылы ол Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығын мерекелеуге Астана қаласындағы шеруге қатысты.Қызыл жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін», «берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдармен және басқа наградалармен марапатталған.
2019 жылдың 14 шілдесінде 95 жасында Ұлы Отан соғысының ардагері, Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы Ығылманов Сүйеу Ығылманұлы өмірден озды.
Осы уақытқа дейін аудан өмірінде белсенді араласты, әсіресе жастарға тәлім-тәрбие беруде ұлағатты майдангердің берері мол болды, болашақ ұрпақты елжандылыққа, адамгершілік пен еңбекқорлыққа баулуға сүбелі үлес қосып келеді. Ауданымыздың көркеюі жолында бар өмірін сарп етіп, үлкен жауапкершілікпен, тындырымдылықпен қызмет еткен соғыс және еңбек ардагері Сүйеу Ығылманұлының абыройлы еңбегі алдыңғы толқынға мақтаныш, кейінгі ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.
Барша жерлестерімді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтаймын. Осы шараның жалғасы ретінде бұл "Challenge"-ді "Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының барлық Бастауыш партия ұйымының төрағалары мен мүшелеріне және аудандық маслихаттағы фракция депутаттарына жолдаймын.
#ҰЛЫЖЕҢІСКЕ76ЖЫЛ
#Qaharman
#NurOtan
