Ұлы Отан соғысының ардагері Шишкин Николай Викторович
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 76-жылдығына орай "Nur Otan" партиясының Шыңғырлау аудандық филиалы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында аудан ардагерлерінің өмірбаяны мен олардың ерлігі туралы мәліметтерді қамтитын жарияланымдар бойынша "Challenge" ұйымдастырды. Осыған байланысты мен Ұлы Отан соғысының ардагері Шишкин Николай Викторович туралы мәліметті ұсынбақпын.
Шишкин Николай Викторович 1925 жылы 3-сәуірде Орынбор облысының Ташлы ауданы Иртек посёлкесінде дүниеге келген.Осы жылы ол бөрлі ауданының Бөрлі посёлкесіне көшіп келді. 1942 жылдың күзінде Рига жаяу әскер училищесіне оқуға түсті. 6 ай оқығаннан кейін кіші командир болып шығып, Москва облысының Дмитров ауданына түсірілген Әуе әскери 98-дивизиясы 18 бригадасына жіберілді. Карелия, 3-ші Украйна майдандарындағы ұрыстарға қатысады. 1950 жылы елге оралады. РСФСР совхоздар Министірлігінің Саратов ауыл шаруашылық техникумында бас және аға бухгалтерлік мамандығын жетілдіру курысын бітірді. Бөрлі ауданының Бөрлі совхозында, Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау, Лубен совхоздарында жұмыс жасады.
1965-1989 жылдары Шыңғырлау аудандық ауыл шаруашылық басқармасында қаржы – есептеу бөлімінің бастығы болып істеді. 1991 жылдан 1994жылға дейін №7 кәсіптік - техникалық училищесінде бухгалтерлік есептен сабақ берді.
Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін «Үшінші дәрежелік Даңқ,Екінші дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен, «1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан Соғысында Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков» медальдарымен және басқа көптеген жауынгерлік және еңбек наградаларымен марапатталды.
Ардагер Шишкин Н.В 2015 жылы қаңтар айында дүниеден озды.
9 Мамыр – әрдайым бәріміздің мерейімізді үстем ететін күн.
Майдан даласындағы жауынгерлік ерлік пен тылдағы қажырлы еңбекке тағзым етеміз. Бұл ¬– нағыз батылдықтың, әскери даңқ пен патриотизмнің мерекесі.
#ҰЛЫЖЕҢІСКЕ76ЖЫЛ
#Qaharman
#NurOtan
