Ұлы Отан соғысының ардагері Малғаждар Байғазин
Қасиетті де қастерлі Отан үшін жан беріп, ел қорғаған ардақты ардагерлеріміздің рухына тағзым ету, оларды ұлықтау-біздің ең басты парызымыз. ШҚО бойынша ҚАЖД Катонқарағай аудандық #1,2 пробация қызметті инспекторлары 9 - мамыр Ұлы Жеңіс күнімен Катонқарағай ауданындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Малғаждар Байғазин атамыз және жұбайы тыл еңбеккері Бейбатима Байғазина апамызды құттықтады.Қырық үштің көктемінде ол 18 жасқа қараған шағында зеңбірекші оқуын бітіріп, Батыс майданға аттанады. Фашистер жаулаған Еуропаның тең жартысын, атап айтқанда Брест, Гданьск, Варшава, Нейман, Одер қалаларын азат етуге қатысты. Тау мен нуды, қираған қалаларды, мыңдаған шақырымды артқа тастап, Берлинді басып, фашизмнің көзін құртты. Ақсақалдың айтуынша, Жеңістің құны төрткүл тарапқа қымбатқа түсті. Талай жанның тағдыры талқандалып, миллиондаған әке мен бала Отанына оралмады. Катон ауылының тұрғындары арасында Байғазиндер әулеті жоғары құрметке ие. Соғыстан кейінгі жылдары Малғаждар ата ауыл шаруашылығы саласында қызмет етті. Бүгінде ұл-қыз тәрбиелеп, немере-шөбере көріп, отбасы шаттығына бөленген ардагердің сұрапыл соғыс жылдарынан кейін бейбіт заманда ұзақ жылдар еңбек еткен.
