Ұлы Отан соғысының ардагері Ишпанов Кияк
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 76-жылдығына орай "Nur Otan" партиясының Шыңғырлау аудандық филиалы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында аудан ардагерлерінің өмірбаяны мен олардың ерлігі туралы мәліметтерді қамтитын жарияланымдар бойынша "Challenge" ұйымдастырды.
Осыған байланысты мен атам Ұлы Отан соғысының ардагері Ишпанов Кияк туралы мәліметті ұсынбақпын.
Сұрапыл соғысқа менің атам Ишпанов Кияк қатысты. Атам 1902 жылы Шыңғырлау ауданы, Жанакүш колхозында өмірге келген. Шыңғырлау ауданынан жұмысшы-шаруашылар қызыл армиясына 1942 жылдан бастап алынған. Дәрежесі-Ефрейтор.
Құрмет медалімен 12.08.1943ж, Кызыл жұлдыз орденімен 27.10.1944ж, II дәрежелі Отан соғысы ордені 06.03.1945ж, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалімен 09.05.1945ж. марапатталған. 1977 жылы Шыңғырлау ауданы, Жанакүш ауылында қайтыс болды.
Барша жерлестерімді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтаймын. Осы шараның жалғасы ретінде бұл "Challenge"-ді "Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының барлық Бастауыш партия ұйымының төрағалары мен мүшелеріне және аудандық маслихаттағы фракция депутаттарына жолдаймын.#ҰЛЫЖЕҢІСКЕ76ЖЫЛ
#Qaharman
#NurOtan
