Ұлы Отан соғысының ардагері Адилов Шакрат
Құрметті достар!
Баршаңызды еліміздегі даңқты мерекелер Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс күнімен құттықтай отырып, Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлер есімін есте сақтау мақсатында аудандық партия филиалы ұйымдастырған #Qaharman челленджіне қатысамын.Және де аталған челленджді ауданымыздың барлық бастауыш партия ұйымдарына жолдаймын.
9 Мамыр – әрдайым бәріміздің мерейімізді үстем ететін күн.
Біз майдан даласындағы жауынгерлік ерлік пен тылдағы қажырлы еңбекке тағзым етеміз.
9 мамыр қасиетті де ұлы мереке – Жеңіс күні.Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Жеңіске үлес қосқан жауынгерлердің бірі менің нағашы атам-Адилов Шакрат.Бұл туралы"память народа"порталынан іздестіріп таптым.Адилов Шакрат старший лейтенант.1907 жылы дүниеге келген.Жымпиты ауданы қазіргі Сырым ауданы.Жымпиты ауылынан соғысқа шақырылған.Венгрия жерінде 21мартта 1945жылы опат болған.1077сп.316сд.3УкрФ деп жазылған.1941жылы соғысқа шақырылған.26.11.1944 күнгі жанқиярлық ерлігі үшін"Қызыл Жұлдыз"орденімен наградталған.Менің анашым əкесі мен шешесі туралы көп айтпайтын.Əкесі майданға шақырылғанда іште қалып ,өмірге келген .Анасы Əйтім де ерте қайтыс болып,балалық шағы ағайынның қолында өскендіктен бе екен ешкімге ешқашан сыр ашпайтын.Ағайынды жігіттер бір әулеттен соғысқа аттанған.Олардың есімдері Шәкір,Шәкірат,Молдаш,деп айтатын еді.Біз Қаратөбедегі Марфуға апам мен Сисенғали жездемізді ғана білетінбіз.Мен мектеп бітіргенде Айша апаны Сəуле апаны көрдім.Бүгін нағашы атам туралы деректерді іздедім.Таптым.Біз соғыстың ауыртпалығын тарихтан оқыдық.Жеңіс күнін жақындатқан соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлерінің алдында бас иеміз.Балалық шақтары соғыспен тұспа тұс келген аға ұрпақтың еңбек жолдары да бізге үлгі. Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.Әкесінің суретіне ұзаақ қарайтын анамның жанарындағы сағыныш әкеге деген аңсау мен армандардан тұратынын аңғармау мүмкін емес.Анашым сіз ержүрек майдангердің ұрпағысыз деп айтатын едім.
9 мамыр бұл – нағыз батылдықтың, әскери даңқ пен патриотизмнің мерекесі.
Жеңіс күні – халықтың бірлігі, тыныштығы, тұрақтылығы еліміздің ең басты жетістігі екендігін айқындайтын символдық мәні бар ерекше күн. #Qaharman, #NurOtan
