Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлы істердің бастамасы болған кезең жұмысы қорытындыланды!

2021 жылдың 8 қаңтары күні Күршім ауданында «Nur Otan» партиясы филиалы жанынан құрылған аудандық сайлауалды штабының отырысы өтті. Іс-шараға кандидаттар, сенімді өкілдер, белсенді жастар, БАҚ өкілдері, штаб мүшелері, партия ардагерлері қатысты.

Аудандық штаб төрағасы М.Калелов 10 қаңтар күні өтетін ҚР Парламент Мәжілісі, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына орай жүйелік кестеге сәйкес атқарылған жүмыстарға сараптама жасап, қорытындылады.

«Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» ұранымен Қазақстан халқы Елбасының «әуелі – экономика, сосын - саясат», «асықсақ та, аптықпайық» даналық ұстанымдары аясында топтасып, еңселі ел болудың даңғыл жолымен қадам басып келе жатқанына тоқталды.

Аудан жұртшылығының көкейкесті сауалдары мен ұсыныстарының аманат ретінде жинақталып, облыстық сайлауалды штабына жолданғаны, оның ішінде 67 аманаттың ауданнның даму бағдарламасына енгізілгені аталды.

«Nur Otan» партиясының Күршім аудандық сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша 599 үгіт- насихат іс-шаралары ұйымдастырылып, онда 26680 сайлаушыны қамтылған, оның 5-уі онлайн режимінде өткізілді.

Үгіт насихат жұмыстарына аудандық сайлауалды қоғамдық штабтың 32 мүшесі мен депутаттыққа үміткерлер, 56 белсенді жастар, 49 сенімді өкілдер тартылды.

Үгіт-насихат жұмыстарының үш толқыны бойынша ауданда барлығы 8402 үгіт-насихат материалдары таратылып, 7000 аула қамтылды. Оның ішінде «Есіктен есікке» акциясы бойынша 526, 1 канвассинг, 1 экспромт кездесу, 36 сайлаушылармен үгіт-насихат кездесуі, 31 жеке қабылдау, 3 «Кандидатқа сұрақ қой», 1 басқа да іс шаралар өткізіліп, 31591 тұрғын тартылды.

Депутаттыққа үміткерлермен 38 елді мекенде өткізілген кездесулерде 1153 сайлаушылар қамтылды.

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевпен бекітілген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында сайлауалды қоғамдық штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінде күнделікті депутаттыққа үміткерлер мен сенімді өкілдер азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылданды.

0
0
135

Осы тақырып бойынша

Ұлы істердің бастамасы болған кезең жұмысы қорытындыланды! - Yvision.kz