Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ұлы дала елі» музейінде кездесу өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» музейінің мәжіліс залында қалалық мәслихат депутаттары мекеме ұжымы мен мәдениет саласының мамандарының қатысуымен болған кездесуге қатысты. Нұрсұлтан Жүсіпбаев, Жәмила Сүлейменова, ,Ұлжалас Мұстафаева және Бақытжан Абибуллаұлы секілді қалалық мәслихат депуттары мен мәдениет майталмандары аталған жиында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауын тақырыпқа арқау етті. Осыған орай, қонақтар мен қатысушылар Жолдауда аталған бірнеше бағыттарды талқылады. Әсіресе, елімізде атап өтілген Мемлекет басшысының мәдениетті дамытутуралы бастамалар кеңінен талқыланды.

Жиын барысында жастар аталған Жолдау төңірегінде және сайлау науқаны туралы бірнеше сұрақтар қойды.

Ашық форматта өткен кездесу соңында қалалық мәслихат депутаттары музей ұжымына, қатысушыларға ризашылығын білдіріп, барша жерлестерді еліміздің дамуына үлес қосуға шақырды.

0
0
336

Осы тақырып бойынша

«Ұлы дала елі» музейінде кездесу өтті - Yvision.kz