Ұлттық сараптама орталығының қызметкерлерімен кездесу
«Nur Otan» партиясы атынан облыстық және аудандық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар К.Оспанов, К.Досиханов ҚР ДСМ ТКҚСБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ облыстық филиалдың Аягөз аудандық бөлімшесінің ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу кезінде "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының басымдықтарын түсіндіріп, қойылған сауалдарға жауап берді.

