Ұлттық орман отырғызу күні
Қазақстанда «Ұлттық ағаш отырғызу күні» алғаш рет 2014 жылы 19 сәуірде жүзеге асқан болатын. Бұл шараға еліміздің барлық өңірінен 100 мыңнан аса ерікті қатысып, 600 мыңнан астам көшет отырғызылған. Бұл игі бастаманы үкімет қолдап, «Ұлттық ағаш отырғызу күнін» жылда өткізу туралы шешім қабылдады. 19 сәуір «Ұлттық ағаш отырғызу күні» болып саналғанымен, жыл сайын бұл шара міндетті түрде дәл осы күні емес, одан ерте немесе кеш басталуы мүмкін және бір ай шамасында өтеді. 2014 жылғы шарада 600 мың көшет отырғызылса, 2015 – 2016 жылдары 1 млннан аса көшет отырғызылды. Биыл бұл шара 22 сәуір мен 22 мамыр аралығына өткізілді, шара аясында 1 млннан аса ағаш отырғызу жоспарланған еді. Елімізде мақсаты ауланы көгалдандыру, өңірлерді жандандыры, қоқыстардан тазалау болып табылатын басқа да көптеген бағдарламалар бар, мәселен, «Шатқал», «Тұрақты даму», «Бақ қала» және т.б. Биыл аталған шаралар еліміздің әр өңірінде қалай өткеніне шолу жасап көрейік.
Павлодар облысында 13 мыңнан аса ағаш отырғызылды. Бұл шара облыстық сенбілік форматында өтті. Сонымен қатар, қала бюджетінен аулаларға тазалау жұмысын жүргізу үшін 1 миллиард теңге қаражат бөлінді, егер аулаларды жөндеу жұмыстары жақсы іске асып жатса, қала әкімдігі тағы қаражат бөлуді қарастыратынын айтты.
Батыс Қазақстан облысында «Ұлттық ағаш отырғызу күні» аясында 50 мың ағаш отырғызылды. Облыстың мәдени және демалыс саябақтарында ағаш отырғызылып, аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілді. Батыс Қазақстан облысында шара аясында өткен жылы 60 мың ағаш отырғызылған еді.
Қарағанда облысында 13 мыңнан аса ағаш отырғызылды. Шара «Ұлттық ағаш отырғызу күні» аясында өтті, сенбілікке 215 988 тұрғын қатысты. Ағаш отырғызумен қатар, аулаларды тазалап, қоқыстар жиналды. Рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыс үйінділері жойылды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орнатылды. Жұмысқа арнайы машиналар тартылды.
Шығыс Қазақстан облысында 10 мың ағаш отырғызылды. Бұл өңірде шара екі айға созылды, игі бастамаға мектептер, жоғарғы оқу орындары, кәсіпорындар қатысты. Облыстың орталық, сол жағалауларына көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.
Көкшетауда 3 мың көшет отырғызылды. Жалпы бұл өңірде 2015 жылдан бастап аулаларды көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Биыл да 12 ауланы күрделі жөндеу жұмысынан өткізу жоспарланды.
Алматы қаласында 1000 аса ағаш отырғызылды. Оңтүстік астанамызға 1000 аса ағаш отырғызылды. Көгалдандыру жұмыстары қаланың экологиялық жағдайын жақсартып, қала ұрғындары мен қонақтарын әдемі табиғатымен қуантатын болады. Тарихи аймақтарды көгалдардыру ерекше назарда. Абай даңғылы, Гоголь көшесі, Түлебаев көшесі бойындағы бақтарда көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл аймақтың жалпы аумағы 56 мың м2, оның 11 мың м2 жеріне көгалдандыру жұмыстары жүргізілсе, 5,4 мың м2 жерге асфальт төселетін болды.
Сонымен қатар, Байсейітова көшесі бойындағы бақта да тазалау жұмыстары жүргізіліп, ағаштар мен гүлдер отырғызылды.
Есентай өзенінің екі жағында орналасқан бақта түрлі ағаштар егілді. Сонымен қатар, қураған және апатты жағдайдағы ағаштарды кесу; велосипед жолдарын жасау; маңындағы үйлерде тұратын тұрғындар жайлы демалуы үшін көшелерде абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. «Есентай» жағалауын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін тұрғындар спорт алаңдары мен веложолдарда өз денсаулықтарын жақсарта алады.
«Бақ қала» бағдарламасы аясында Талдықорған қаласында 4 мыңнан аса ағаш отырғызылды. Шараға облыс әкімі Амандық Баталов мырза мен бірге 8 мыңнан аса тұрғын қатысты. Осы шара барысында облыстың орталық аймағына жас емен, шаған, қайың және т.б. ағаш түрлері егілді. Сенбілікте облыс әкімі А. Баталов «Көктем» алаңында, Қаратау өзені бойындағы саябақта, «Жастар» саябағында ағаш отырғызды. Облыс әкімі қаланың көркейту жұмыстарына ерекше көңіл аударып, қала басшылығы мен тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді. Мәселен, «Көктем» скверіне гүлзарлар жасап, ландшафтық дизайнымен жұмыс істеу қажеттігін айтты. Көк өсіндерді суару тұрақты түрде жүргізілуі қажет. Ағашты отырғызғаннан кейін оның күтіп-баптау ісіне ерекше назар аударылуы тиіс
Солтүстік Қазақстан облысында 17 мың ағаш отырғызылды. Биылғы жылы 70 шақырымға созылған аумаққа 17 500 ағаш отырғызу бұл аймақта жоспар етіп қойылған еді. Шара барысында, қарағай, терек, алма ағашы, шетен, жөке, қайың ағаштары отырғызылды. Әр түрлі ағаштар отырғызумен қатар, бақшаларға гүлзар отырғызылды.
Жамбыл облысында 188 мың ағаш отырғызылды. Ағымдағы жылы қала бюджеттінен көгалдандыру жұмыстарына, тазалауға жалпы саммасы 1 млрд 265 млн теңге қараджат бөлінді. Сенбілікте ағаш отырғызумен қатар, ауланы көгалдандыру, қаланы қоқыстан тазарту сияқты жұмыстар жүргізілді.
«Шатқал» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында 400 мыңнан аса ағаш отырғызылды. Табиғатты таза ұстау, аялау баршамыздың міндетіміз. Осы шара аясында тұт ағашы, шырша, гүл отырғызылды. Өңірдегі тарихи маңызды, ертеден келе жаьқан кесенелердің маңын тазалау жұмыстары жүргізілді. Көк желекті отырғызу жұмыстары аданның барлық елді мекендерінде өтті. Ағаштар, гүлдер ауылдық округ аймағына, автожолдар бойына, су қоймасы алқабына отырғызыса, төбелерде декоративті ағаштар – шыршалар отырғызылды. Жасыл желкен ауданға көрік беріп, тұрғындар мен аудан қонақтарына жақсы көңіл-күй сыйлайды. Ағаш отырғызу бұнымен тоқтамақ емес, әлі де ауданды көгалдандыру, гүлдендіру шаралары жалғаса бермек.
Ағымдағы жылы Ақтауда 15 мың ағаш отырғызылды. Маңғыста облысында қоршаған ортаны тазалау және көгалдандыру жұмыстары өтті. «Ақбота» саябағында өткен шараға облыс әкімі Е. Тоғжанов қатысты. Былтыр қаланың орталық бөлігін тазалау, көгалдандыру басталып кеткен еді, қала бюджетінен 190 млн. теңге бөлінген болатын. 2016 жылы бөлінген қаражатқа көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру, қоғамдық әжетханалар, саябақ аймағын тазалау жұмыстары жүргізілді. Су құбырлары салынды, жарықтандыру желілері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қала басшылығы тұрғындар мен қонақтар үшін демалуға, қыдыруға барлық жағдайды жасауға тырысуда. Сонымен қатар, мәзірінде тек қымыз, шұбат сияқты ұлттық тағамдар мен сусындар болатын этнокафеашу туралы да жоспар бар. Бұл кафенің құрылыс жобасын Алматы мен Астанадан арнайы маман алдырып жасау Ақтау қаласының әкімдігіне тапсырылды.
