Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ұлттық қор табысының 50 пайызы балалардың жинақтаушы шотына аударылады» - кандидаттың бағдарламасы

Онда ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының әрбір бағыты түсіндірілді.

Кездесу барысында облыстық штаб төрағасы Н.Байқадамов сайлауалды бағдарламада қоғамның барлық топтары қамтылғанын атап өтті.

📷«Азаматтардың әл-ауқатының артуы, ұлттық байлығымыздың ел мүддесіне жұмсалуы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басты мақсатының бірі. Бұл дегеніміз өз кезегінде мемлекеттің тірегі де, жүрегі де оның азаматтары, халқы екенін білдіреді. Бұл тұрғыда, сіз бен біз болып Әділетті Қазақстанды бірге өркендетіп, тең мүмкіндіктер қоғамын қалыптастыруымыз қажет», – деді ол.

📷Сонымен қатар, штаб мүшесі Райкүл Байназарова бағдарламада 2023 жылдан бастап жұмысынан айырылғаны үшін берілетін әлеуметтік төлем мөлшерін табыстың 45 пайызына дейін ұлғайту, табысы төмен отбасынан шыққан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакеттегі көмекті азық-түліктен ақшалай түрге ауыстыру секілді әлеуметтік көмек түрлері қамтылғандығын айтты. Келер жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа толғанға дейін баланың жинақтаушы шотына аударылатынын атап өтті.

📷Мұнан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында «Бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем мерзімін 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайтылады, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық қызметке жұмсалатын шығынның кемінде 30 пайызының өтемақы тетігін іске қосамыз» деп түйіндеді штаб мүшелері.

📷Жиын қорытындысы бойынша сенімді өкілдері 20 қарашада өтетін маңызды сайлауда бір ауыздан қолдап, дауыс беруге шақырды.

#Toqaev2022

#ДауысберТоqaev2022

#ГолосуйЗаToqaev2022

0
0
235

Осы тақырып бойынша

«Ұлттық қор табысының 50 пайызы балалардың жинақтаушы шотына аударылады» - кандидаттың бағдарламасы - Yvision.kz