"Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында өткен шара .
"Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында "Nur Otan" партиясы Ұйғыр аудандық филиалы "Ақниет" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай іс шара өтті. Шараға партияның белсенді мүшелері, №1 Шонжы орта мектебінің ұстаздары мен оқушылар қатысты. Іс шарада Алаш көсемі, халқымыздың біртуар перзенті – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның еліміздің өткен тарихындағы атқарған ерлік істері туралы ақпараттар берілді.
