Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ұлттың ұлы көсемі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ұлттың ұлы көсемі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Еліміздің тарихындағы ерекше маңызға ие мерекеде құттықтау сөзін арнаған аудан әкімі Қайрат Нұртаев Тұңғыш Президет-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құрып, дамытудағы даналығы мен көрегендігін, жас мемлекеттің халықаралық аренада ойып тұрып орын алуына қосқан үлесін атап өтті.

Мерейлі мерекеге орай аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және автомобтль жолдары бөлімінің басшысы Әділбек Әжіғалиев «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы Жасұлан Сүндетов «Атырау облысы мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, Құрманғазы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадірбай Жармұхамбетов Атырау облысының Құрмет грамотасымен, Жаңаталап ауылдық округінің еңбек ардагері Өтепберген Әміров ауыл шаруашылығы қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагер» медалімен марапатталды. Бір топ мемлекеттік қызметкерлерге, еңбек озаттарына аудан әкімінің Алғыс хаты табысталып, жас мамандар «Нұр Отан» партиясына салтанатты түрде қабылданды.

0
0
131

Осы тақырып бойынша

«Ұлттың ұлы көсемі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды - Yvision.kz