Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлтаралық қақтығыс. Аудан аты ұлтаралық қақтығыстың шығуына себеп бола ма?

Босатылған орындарда 1942-1944 жж. қоныс аударылған және жер аударылған халықтар: ингуштар,шешендер,қырым татарлары,кәрістер,малқарлар,күрдтар,түріктер,қарашайлар,немістер келді.Сондай-ақ, Қазақстан халқы ГУЛАГ,КАРЛАГ,АЛЖИР және т.б. тұтқындармен толықтырылды.Одан кейінгі,қақтығыстар Хрущевтің тың жерлерді игеру бағдарламасымен де байланысты болды. Осы кезеңде РКФСР мен УКСР алты миллионға жуық орыстар мен украиндар Қазақ КСР қоныстандырылды. Бұл оқиғалардың барлығы, халық арасындағы теңсіздікті,жердің дұрыс бөлінбеуі, шаруашылықтың құлдырауы және қазақ халқының материалдық жағдайының құлдырауына әкеліп соққан болатын. Ал тәуелсіздік жылдарынан кейін елімізде: қазақ-ұйғыр,қазақ-шешен,қазақ-тәжік,қазақ-күрд т.б ұлтаралық қақтығыстар жиіледі. Дәл осы орын алған қақтығыстардың негізгі себебі-тілге,жерге,ұлтқа бөлінуден басталады. Мысалы: 2006 жылы қарашада Алматы облысы Шелек ауылында қазақтар мен ұйғырлар арасында қақтығыс болды.

2007 жылы наурызда Алматы облысында қазақ-шешен қақтығысы болды. 2020 жылы 7 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы Масанчи ауылында жанжал болып, оған қазақтар,дүнгендер қақтығысты. Айта берсек өте көп. Енді айтқан мәліметке тікелей мысал келтіре кетсем. 2020жылдың маусым айында Алматы облысы Ұйғыр ауданында қазақтар мен ұйғыр ұлты балаларының арасында қақтығыс болған. Жанжалдың себебі бір-біріне жол бермеумен басталған деседі.Шындығында,қақтығысқа бірнеше жағдай себеп екенін қазақтар жасырмаған.Олар:

1.«Қазақтар, жер біздікі деп кеуделеріңді көтере бермеңдер. Жер – Құдайдікі" деп ұлттық мәселені ушықтырып жіберген ұйғыр оқушысы мен мектеп қызметкерінің сөзі. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды демекші, мүмкін оларға солай тәрбие берілген , немесе білімді солай алып жатыр.

2. Аудандағы кенттер мен ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ететін мекеме "Ұйғыр Су құбыры" деп аталуы.

3.Өздері ту жасап ,ту көтеруі.

4. Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы кентінде 62 көше бар. Бұның 24-і қазақша аталады. Онда да асфальтсіз, шолақ, шеткері көшелер қазақша атау алған. 36 көше ұйғырша аталады. Ол көшелердің барлығы негізінен орталық көшелер.Тіпті қарапайым мектеп директоры болған ұйғыр азаматының аты бір көшеге берілген.)

Бұл қақтығысты ерекше назарға алған облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы ауыл жастарымен өзі кездесіп, сөздерін тыңдап қайтты. Жастарды тыңдаған облыс әкімінің жауабы тиісті құзырлы органдарға айтамын, елбасының өзіне арнайы кіріп болған жайтты баяндаймын, алайда карантиндік жағдайларға байланысты елбасының қабылдауында қашан болатыны белгісіз екенін, елбасы бұл оқиғаға байланысты шешімді қашан қабылдайтыны белгісіз екенін айтып халықты уақытша басып қойды.Халықтың әкімге үндеуін аудан белсенділері де қолдады.

1.Жарас Сәрсек: «Өзгертетін уақыт жетті»

Осы ауданның тумасы, ақын Жарас Сәрсек Ұйғыр ауданының атын өзгертуді қолдайды. Бұл ұсыныс талай жылдан бері көтеріліп келе жатқанына қарамастан, жоғары биліктегілердің неліктен батыл шешім қабылдамай отырғанына наразы.

– Бұрын бұл өңір Қарадала деп аталған. Жергілікті халық солай атайтын. Бірнеше жыл бұрын Шарын ауданы деп өзгерту ұсынылды. Мен осы екі атауды қолдаймын. Қазақстан көпұлтты мемлекет. Соның ішінде бір ұлтқа тек қана ұйғыр ұлтына бөлектеп аудан атын беру дұрыс емес. Ертең басқа ұлттар да бізге де аудан атауын беріңдер деп талап етуі мүмкін. Сондықтан батыл шешім қабылдап, жердің тарихи атауын қайтаратын уақыт жетті, – дейді Жарас Сәрсек

Ол Ұйғыр ауданы құрылғалы бері аудан әкімі тек ұйғыр ұлтынан сайланатынын түсінбейді. Ұйғыр ауданының атын өзгертуді аудан халқының басым бөлігі қолдайды деп біледі.

2.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Бекжан Тұрыс:

«Өзіміздің аудан болғаннан кейін , ауданды жақсы білеміз.Бірінші кезекте халықтың қалауы аудан атының өзгергені. Облыс әкімінің халыққа берген уәдесін бізде алсақ дейміз , аудан атын өзгертсек дейміз».

Аудан атынөзгерту тек осы төбелестен кейін ғана көтерілген мәселе емес. Біз ұйғырлардың республикасын тартып алайын деп жатқан жоқпыз, бар болғаны жердің тарихи атауын қайтармақпыз. Ал бұл жердің тарихи атауы - Шарын. Ұйғыр ауданы деген бертінде, 1935 жылы Кеңес өкіметі кезінде аталған.

“Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды”,-демекші қазақ ешкімге өздігінен соқтықпаған халық. Ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау үшін,мәселенің түп-төркініне назар аудару керек. Және мән-жайды нақты білгеннен кейін халықты уақытша сендіріп қою-мәселенің шешімі емес. Ол үшін нақты нәтиже керек. Нәтижені көрмеген халық құры қарап жатпайды. Құдай бетін ары қылсын,бұл оқиға уақытша жабылғанымен уақыт өте келе ашынған халықтың тағы көтерілмесіне кім кепіл?!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,Журналистика факультеті

4 курс студенті Омарбек Айжан

Жетекшісі:аға оқытушы Н.Б.Рушанова

0
0
286

Осы тақырып бойынша