Ұлт көшбасшысы. Лидер нации.
Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында аудандық кітапхана « «Ұлт көшбасшысы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінде көпшілік қауымға арналған Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің өмірбаяны, еліміздің дамуы мен гүлденуі жолындағы ерен еңбегі туралы кітаптар мен мерзімді басылымдардағы мақалалар қойылды. Көрме бойынша онлайн кітаптарға шолу жүргізілді. Кітап көрмесі тәуелсіз Қазақстанның құрылу этаптары жайлы, Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президентінің өмірбаяны және қызметі жайлы әңгімелейтін кітаптар мен жариялымдар сонымен қатар ұлт басшысы Н.А. Назарбаевтың кітаптары мен мақалалары қойылды. Кітапханашылар Ерғалиқызы Айтолқын мен Глазинсая Елена Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетті гүлдендіру бағытындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, жұмыстарындағы істерін жарықтандыратын құжаттармен таныстырлды. Елбасының тәуелсіздік құру жолындағы бірегей және баға жетпес істері, елімізді бүкіл дүниежүзілік аренада мойындата алуы, бейбітшілік пен достықтың нығаюы, ұлттар арасындағы келісім, Қазақстан халықтарының ұлттық дәстүрін насихаттау кітап көрмесінен көрініп тұрды.
