Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлт денсаулығын, білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті

29 қыркүйекте аудандық партия филиалының жанындағы ұлт денсаулығы, білім және ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес төрайымы Э.Утепбергенованың төрағалығымен кезекті отырыс өтті. Күн тәртібінде аудан бойынша короновирустық инфекцияға қарсы вакциналау деңгейі және аудан мектептеріндегі ыссы тамақтануды ұйымдастыру сұрақтары қаралды.

Теректі ауданық орталық аурухана директоры З.Мағзомов аудан тұрғындарының 9 мыңнан астамы бірінші компонентпен, 8 мыңнан астап екінші компонетпен екпе алынғанын, сонымен қатар медицина қызметкерлері үйлерді аралап, диспансерлік есепте тұрған науқастарға екпе салып жатырғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта жұмыссыз азаматтардың екпе алып жатырғандардың саны көбейгенін айтты.

Мектептердегі ыстық тамақтану бойынша білім бөлімінің басшысы Ж.Хусаинова ауданның 25 мектебінде ыстық тамақтану ұымдастырылды, ол 3214 бала санын қамтып отырғанын, ақысыз 3113 оқушы, оның ішінде 866 аз қамтылған отбасылардағы балалар екенін баяндады. Отырысқа аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшелерімен бірге тиісті мемлекеттік мекеме басшылары қатынасты. Отырыстың қаулысы қабылданып, хаттамалық тапсырмалар берілді.

0
0
193

Осы тақырып бойынша

Ұлт денсаулығын, білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті - Yvision.kz