«Ұлт Денсаулығы және білім мен ғылымды дамыту» жөніндегі Жаңақала аудандық қоғамдық кеңес отырысы
"Nur Otan" партиясы Жаңқала аудандық филиалы жанындағы "партиялық бақылау" комиссиясының қоғамдық кеңесі, «Ұлт Денсаулығы және білім мен ғылымды дамыту» жөніндегі Жаңақала аудандық қоғамдық кеңесінің онлайн форматта отырысы өтті. Күн тәртібінде бір мәселе қаралды. Жаңақала аудандық ауруханасының 10 айында атқарылған жұмысы туралы "Денсаулық" БПҰ төрағасы С.Сериковичтың баяндамасы тындалды.
Жаңақала аудандық ауруханасы 20546 халық санына қызмет етеді, соның ішінде: ересектері - 16599 барлық халық санының 70 % құрайды, жасөспірімдер саны-1010 (54,1%), балалар саны 6413 немесе 27%, 1 жасқа дейінгі балалар саны – 488 (3%)
Жаңақала аудандық ауруханасында барлығы 6 учаскелік дәрігер, 5 дәрігерлік амбулатория (Пятимар ДА – 1009, Маштексай ДА - 1129, Жаңақазан ДА – 2212, Копжасар—1230); 3 фельдшерлік-акушерлік пункт (Қызылоба ФАП-1081, Кармановка - 940, Жаңажол - 1100); 13 медициналық пункт (Плантация-109, Аққұс-63, Борық-181,Мухор-429, Жуалыой-680, Айтпай – 187, Төртқұлақ-164, Кіші Айдархан -302, Саркөл -350, Саралжын-102, Салтанат-103, Үшкемпір-97, Ақбалшық-59) жұмыс жасайды. Ауруханада 30 дәрігер (1-ЖТД дәрігері, 1-акушер-гинеколог, 1-невропатолог, 1-кардиолог маманы қажет), 160 орта буынды медицина қызметкері жұмыс жасайды.
⭕️ Туу көрсеткіші 15,3 (367) ден 15,6 (375) болып 2,1% өскен
⭕️ Жалпы өлім көрсеткіші 6,5 (156) ден 7,0 (167) болып 7% өскен. 2021ж 10 айында 1 жасқа дейінгі бала өлімі-4%.
⭕️ Табиғи өсім көрсеткіші 8,8 (211) ден 8,7 (208) болып 1,4 % төмендеген.
Аудандық аурухананың медициналық техникамен жабдықталуы (89,7%). 2020 жылы ауруханаға Жылжымалы медициналық кешені автокөлігі пайдалануға берілді. Қазіргі таңда автокешен шалғай аудандардағы халыққа медициналық көмек көрсету үшін жоспарлы түрде жұмысын атқарып келеді.
Жоспарланған топты скринингтен өткізу жұмысы жоспары 100 пайызға орындалды. Аудандық ауруханада аудан көлемінде бұрын жасамаған оталар жасалып жатыр (өт-тас аурулары оталары, жарық аурулары(грыжа)). Сонымен қатар алдағы атқарылатын жұмыстарды да баяндап өтті.
