Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ұлт Денсаулығы және білім мен ғылымды» дамыту қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

«Ұлт Денсаулығы және білім мен ғылымды» дамыту мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің онлайн-форматта отырысы өтті. Жиынға аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов, қоғамдық кеңестің төрайымы О.Кубесова және мүшелері қатысты. Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

1. Білім беру объектілерінің материалдық - техникалық базасын жаңарту (компьютерлер, оқушы жиһазы, модификациялық кабинеттер және т. б.)

(№3 Жаңақала ЖОББМ, Жаңақала ЖОББМ, Жаңақала гимназия мектебі)

2. Жаңақала аудандық ауруханасын жоғары білікті медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету (кадр мәселесі) және пандемияға байланысты атқарылып жатырған шаралары туралы.

Бірінші мәселе бойынша аудандық білім беру бөлімінің басшысы

Р.Гумаров - Айдархан, Жангелді, Жангала, Е.Орақбаев, С.Мендешов атындағы жалпы орта білім беретін орта мектептеріне жиһаз сатып алу жоспарда. Сонымен қатар Жаңақала ЖББОМ –нің бастауыш сыныптарының кабинеттерін 16 дана шкафпен жасақталатынын атап өтіп, өткен жылдың қортындысымен биылғы жылы атқарылған жұмыстарын толығымен баяндап берді.

Алдағы басталар оқу жылы қалай болмақ оқушылар бір партаға бір адамнан отырама әлде өзгеріс енгізілдіме – деп аудандық филиал төрағасы Р.Саматов сұрағын қойды.

Бір оқушы бір парта деген қағида биыл алынатын болар, себебі барлық мектеп оқушыларын офлайн форматта оқытамыз деген жоспар құрылып соған дайындық жұмыстар жүргізіп жатырмыз деп жауабын берді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Р.Гумаров.

Екінші мәселе бойынша директордың медицина ісі жөніндегі

орынбасары Д.Кукенов - қазіргі таңда ауруханаға қажетті дәрігерлерден; жалпы тәжірибелік дәрігер-4, Кардиолог-1, Акушер-гинеколог-1, Анестезиолог-реаниматолог-1, Педиатр-1 және Рентгенолог-1 бойынша дәрігерлер қажет екенін атап өтіп, пандемияға бойынша атқарылып жатырған жұмыстарына тоқталып қойылған сұрақтарға жауап берді.

Соның бірі емделушіге жазып берген дәрілердің кейбірі аудандық ауруханаларда болмайды, себебі протоколға еңгізілмеген деп айтады және Бірлік ауылдық округінің дәрігерлік амбулаториясында компьютер жоқ сол мәселе қашан шешіледі деген сұрағына Д.Кукенов кейбір науқастар басқа жақтын клинкаларына қаралып келгесін ұсынған дәрілері біздегі протоколға енгізілмегесін тегін көрсетілетін көмектің шеңберіне кірмегеннен кейін ол дәрілер бізде болмайды деп түсіндіріп айтамыз, қажет болған жағдайда ақылы түрде сатып алалады. Екінші сұрақ бойынша 30 компьютерге ұсыныс тастап порталға салып қойдық 1айдың ішінде келеді мәселе шешіледі деп өз жауабын берді.

1
0
273

Осы тақырып бойынша

«Ұлт Денсаулығы және білім мен ғылымды» дамыту қоғамдық кеңесінің отырысы өтті - Yvision.kz