«Үлкеннен үйрен» мақалының мағынасын өздері түсінбейді...
Заман өзгерді ме,адам өзгерді ме? Осы сұрақтың жауабын таппай қиналдым.Бір қарасам мына әлем ғана өзгерген секілді,ал жұрт сол баяғы.Енді бір басқа қырынан қарасан өмір сол қалпы тек адамзат өзгеше түрленген сияқты.Әрине барлығы жаман демеймін,әрине жақсы жандар да бар.Себебі біздің мына дөңгелек әлемімізді шайқалтпай ұстап тұрған солардың күші емеспа.Алайда кейбіреулердің кесірінен мына өмірден түңіліп кетеді екенсін."Өзіне сен,өзгелерді не істейсің" дейді бізге ата-анамыз,таныстарымыз.Бірақ,кейбір мен сияқты пенделер,қанша өзіне сенседе өзгелерден қандайда болсын бір қолдау күтеді.Азғайтай болсада бір көңіл бөліп,қол ұшын созған адамға сондай риза боласын,шіркін!Ал қазір болса,өзіміз болған жастар емес,ақыл айтып үлгі болатын асыл қазыналарымыз бізді менсінбейді.Иә,үлкен аға буын,апа,әпкелеріміз жас ұрпақты мінеп сынайды да тұрады.Қайтадан айтам,бүкілі осындай демеймін.Жай ғана маған жолыққандар осындай,сірә,жолы болмайтын жандардың бірі шығармын.Бұлай ашуланатын себебім қазір өзге студенттер секілді менде өндірістік тәжірибеден өтудемін.Кез келгеніміз барған жерімізден қандайда болсын босқа уақыт өткізбей бірнәрсе үйренсек екен дейміз.Менікі де сондай армандардың бірі еді ... Арман сол баяғы арман.Ол үлкендер маған не істеді дейсіз ғой шамасы.Айтарым мен олардан тәжірибе,сабақ алуға барам ал олар болса мені елемейді де.Сен барсың не,жоқсын не бәрібір.Қабырғаға ілінген сурет секілді азанан кешке дейін тұрасын .Бізге сондай бір асып айды алып бер демейміз ғой.Жай ғана болашақ маман иесі ретінде қандай да бір ақыл кеңестерімен бөліссе екен дейсін.
