Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Лисаков қаласының бірқатар объектілерін мүгедек адамдар үшін қолжетімділік тұрғысынан тексерді

2021 жылғы 1 жартыжылдыққа профилактикалық бақылау жоспарын орындау шеңберінде Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік мәніне Лисаков қаласының мемлекеттік құрылымдарының бірқатар объектілері (БЖСМ, мемлекеттік кірістер басқармасы, полиция бөлімі) тексерілді.

Объектілерді тексеру кезінде мүгедек адамдар үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша бұзушылықтар анықталды. Бақылау барысында пандустың бойлық еңісі талаптарға сәйкес келмейтіні, ал объектілердің біріндегі көтергіш құрылғы жұмыс істемейтін жағдайда болғаны анықталды. Бұдан басқа, ақпарат құралдарына, санитарлық-тұрмыстық үй-жайларға және объект аумағына қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша бұзушылықтар анықталды.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша барлық субъектілерге анықталған бұзушылықтарды жою бойынша нұсқамалар енгізілді. Көрсетілген мерзімде Департамент нұсқаманың орындалуы бойынша бақылау тексерулерін жүргізеді, нұсқама орындалмаған жағдайда құқық бұзушылық субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

***

В рамках исполнения Плана профилактического контроля на 1 полугодие 2021 года отделом по контролю в сфере социальной защиты населения Департамента проверены ряд объектов государственных структур города Лисаковска (ДЮСШ, Управление государственных доходов, отдел полиции) на предмет доступности для лиц с инвалидностью.

При осмотре объектов выявлены нарушения по необеспечению беспрепятственного доступа для лиц с инвалидностью. Так, в ходе контроля установлено, что продольный уклон пандуса не соответствует требованиям, а подъёмное устройство на одном из объектов находилось в нерабочем состоянии. Помимо этого, выявлены нарушения по необеспечению доступа к средствам информации, санитарно-бытовым помещениям и территории объекта.

По итогам профилактического контроля всем субъектам внесены предписания по устранению выявленных нарушений. К указанному сроку, Департамент проведет контрольные проверки по исполнению предписания, в случае неисполнения предписания субъект правонарушения будет привлечен к административной ответственности.

0
0
280

Осы тақырып бойынша