Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«ЛИКБЕЗ» Қоғамдық бірлестігі ОҚО деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсету орталығын ұйымдастырды

Бүгінгі таңда, «ЛИКБЕЗ» Қоғамдық бірлестігі Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының дін саласындағы білім деңгейін жоғарылату және дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсету орталығын ұйымдастырды.

Жобаның мақсаты халықтың діни сауаттылығын көтеру және Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент, Кентау, Туркістан, Арыс қалаларындағы, сонымен бірге, Созақ, Ордабасы, Сайрам, Отырар, Бәйдібек, Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал, Шардара, Төлеби және Түлкібас аудандарындағы деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен адамдарға ақыл-кеңес, психологиялық көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар тұрғындар арасында діни экстремизмнiң алдын алу - экстремизмнен сақтандыруға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, насихаттық және өзге де маңызы бар ақпараттық шаралар жүйесiн ұйымдастыру, экстремизмнен сақтандыруға, соның iшiнде оны жүзеге асыруға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және кейiннен жоюға бағытталған алдын алу шаралары жайында тұрғындарды ақпараттандыру.

Елімізде діни экстремизм  - үлкен аяда көрініс таба қоймаған құбылыс, бірақ қауіпті дәреже де бар. Біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымызда діни экстремизмнің қауіпіне үстірт қарауға болмайтының уақыт өзі дәлелдеп келе жатыр. Қазақстан халқына мұсылман қауымы арасында діни экстремистік ұйымдар өз ықпалдарын жүргізіп, қалайда біздің арамызда табан тіреп қалу үшін ұдайы әрекет етіп отыр.

Экстремизм­нің қай түрі болса да тұтас әлемге, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне, елдің аумақ­тық тұтастығына, азаматтардың құқы­ғына және бостандығына үлкен қауіп төндіреді. Кез келген ел үшін діни экстремизмнің ең қауіп­ті түрі – діни ұранды бүр­кемелеп ұлттар және діндер арасына от қойып, шағыстыру. Оның арты үлкен қақтығыстарға әкеледі. Діни экстремизмнің негізгі мақсаты – өз дінінің басқа діни конфессияларға басым екенін мәжбүрлі түрде мойындату. Осы секілді ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін көріністерге қарсы жұмыс жасау тұрғындар үшін маңызды.

Осы орайда, облыс көлемінде жоғары білікті дінтанушылардан құралған ақпараттық-насихаттық топтың ел аудан қалаларға шығып, деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсету жұмыстарын жүргізуі өз нәтижесін береріне сенім мол. Сонымен қатар, жоба аясында облыс тұрғындарының дін саласындағы білім деңгейін жоғарылату мәселесі де қолға алынады. Әлеуметтік қызмет аясында облыс тұрғындары тура жолды таңдауда сапалы ақпаратпен, нақты деректермен ақпараттандырылатын болады.

0
0
505

Осы тақырып бойынша

«ЛИКБЕЗ» Қоғамдық бірлестігі ОҚО деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсету орталығын ұйымдастырды - Yvision.kz