Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Лидер" сауда үйiнде штаб мүшелерімен кездесу өтті

Бүгін ағымдағы жылдың 31 қазанында Ақсай қаласындағы , "Лидер" деп аталатын сауда үйiне Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат- Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін қоғамдық штаб мүшелері барды. Штаб мүшесі - Еничев Алексей Евгеньевич сауда үйiне келген сайлаушыларды Қ. Токаевтың сайлауалды бағдарламасымен қысқаша таныстырды.

Қ.Тоқаевтың "Мен ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның екінші басты қағидаты – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА.

Бұл халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану деген сөз.

«Еңбегіне қарай – өнбегі» дейді халқымыз. Сондықтан, өнімді жұмыс атқаратын заманауи еңбек нарығы құрылады. Бұл халықты барынша жұмыспен қамтуға, әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықты азайтуға және өңірлердің мейлінше бірдей дамуына мүмкіндік береді" деп айтқан сөздері баяндалды.

Ақсай қаласының тұрғындарын Қ.Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.

#Тoqaev2022

0
0
138

Осы тақырып бойынша

"Лидер" сауда үйiнде штаб мүшелерімен кездесу өтті - Yvision.kz