Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әлеуметтік желіні оңтайлы пайдалану жөнінде семинар өтті

Жетпістен астам қызметкердің басы қосылған семинар ZOOM платформасында онлайн форматта өтіп, семинары аясында, әлеуметтік желіні пайдалану жолдары түсіндірілді. Семинар тренингке модераторлық жасаған партияның баспасөз хатшысы Динара Дүйсен әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану жолдарын түсіндірді. "Әлеуметтік желі психологиясы", блогерлік өнер, пост жазу әдістері, жазылмаған ережелер, нетикет, әлеуметтік желілерге шолу жасаудағы өз тәжірибесімен бөлісті.

Мәселен, Іnstagram желісінде салынатын фотосуреттердің сапалы болуы керектігін тілге тиек етіп, оның астына жазылатын посттың қысқа-нұсқа болуы қажеттігін жеткізді. Себебі бұл желі фотоға негізделген. Сондай-ақ Facebook желісінде салынатын жазбаның сапалы әрі Instagram желісіне қарағанда мәтін көлемді болуы керектігін сөз етті.

Онлайн басқосу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын еркін қойып, тиісінше жауаптарын алды.

0
0
101

Осы тақырып бойынша

Әлеуметтік желіні оңтайлы пайдалану жөнінде семинар өтті - Yvision.kz