Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әлеуметтік желіде сайлауалды бағдарлама аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсету шараларын түсіндіру

Бүгін Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде әлеуметтік желілер арқылы қала тұрғындарымен тікелей эфир өткіздім. Эфир барсында тұрғындармен партияның сайлауалды бағдарламасын талқыладық.

Сәтбаев қаласы – өнеркәсіптік шағын қала, қаладағы өндіріс ошақтарының 50%-дан астамын тау-кен өндірісі кәсіпорындары құрайды. Қаламызда индустриалдық парк құрылмақшы. Онда 7 жоба жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары құрылады, еңбекақыны көтеру мүмкіндігі пайда болады. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2025» бойынша жыл сайын қолдау көрсетіледі, «Еңбек» бағдарламасы аясында шағын кредиттер, жергілікті бюджеттен гранттар бөлінетін болады.

2025 жылға дейін кезең-кезеңімен жергілікті жолдардың сапасы жақсартылады, кезектегілер үшін тұрғын үй құрылысы салынады, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйелері жөндеуден өткізіледі, аулалар абаттандырылады. Әлеуметтік салада медициналық көмек және білім беру сапасының, қаламызда спортты дамыту басымдықтары айқындалып отыр. Тарих және мәдениет, азаматтардың қауіпсіздігі мәселелері тұрақты бақылауда болады.

Тікелей эфир барысында мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кезектілік, көпбалалы аналардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу, коммуналдық желілердің тозғандығы, ескі үйлер мәселелері көтерілді.

Қала тұрғындарының белсенді қатысуымен және «Nur Otan» партиясынан сайланған депутаттармен бірлесе отырып біз бұл мәселелерді шеше алатындығымызға сенімдімін.

2021 жыл – мерекелік жыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы жылы. Балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы үшін біз бейбітшілік пен бірлігімізді, мемлекетіміздің тұтастығы мен дербестігін сақтауымыз керек.

Мен 2021 жылғы 10 қаңтар күні дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамын.

«Nur Otan»-ға дауыс бер!

Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз !

0
0
118

Осы тақырып бойынша

Әлеуметтік желіде сайлауалды бағдарлама аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсету шараларын түсіндіру - Yvision.kz