Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әлеуметтік желі белсенділерімен кездесу өтті

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі». Осылай деп жариялаған Мемлекет басышысы Қ.Тоқаевтың биылғы жолдауы қалың қазақ жұртшылығына жол тартқаны белгілі. Он бір бағыттан тұратын жолдау қарапайым халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған. Президент бұл құжатта әдеттегідей түйінді мәселелерді көтеріп, атқарылуға тиіс бірқатар маңызды міндеттерді айқындап берді.

Осы басым бағыттарды талқылауда бүгін «Nur Otan» партия төрағасының бірінші орынбасары Дастан Боханов аудандағы әлеуметтік желі белсенділерімен кездесті. Онда жолдаудың он бір тармағын саралай отырып, ел дамуына ерекше серпін беретін бағдарламалық құжаттың маңыздылығына тоқталды. Жиын барысында қатысушылар жолдауда көрсетілген бағыттар бойынша өз ойларын ортаға салып, қарапайым халық үшін тиімді жақтарын ашып талқылады. Президент жолдауына қолдау көрсетіп, алдағы уақытта ел игілігі үшін оң өзгерістер болатынына сенімдерін білдірді.

Осы тақырып бойынша

Әлеуметтік желі белсенділерімен кездесу өтті - Yvision.kz