Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әлеуметтік қызметтер порталы таныстырылды

📍Ағымдағы жылдың 11 қарашасында департамет басшысының бірінші орынбасары Самет Н.И. мүмкіндігі шектеулі жандардың ұйымдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған отырысқа қатысты. Отырыста әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы таныстырылды.

📍Аталған портал көмегімен әлеуметтік қызметтер саласындағы мемлекеттік сатып алу үрдісінің ашықтығы қамтамасыз етіледі.

📍Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар портал арқылы тапсырысты орындаушы ұйымды өздері таңдай алады. Отырыста сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар ұйымдарының мемлекеттік қызмет алу және мемлекеттік сатып алуға қатысу кезіндегі проблемалық мәселелер туралы сөз қозғалып, оларды шешу жолдары қарастырылды.

0
0
208

Осы тақырып бойынша

Әлеуметтік қызметтер порталы таныстырылды - Yvision.kz