ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының мамандарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасын түсіндіру

2017 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің (бұдан әрі – Департамент) және Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы»  арасындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарының аясында Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы қызметкерлері арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Осы семинарда Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ж. Кумаргалиевпен баяндама оқып, әлеуметтік-еңбек саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің проблемалық мәселелері талқыланды.