Әлеуметтік салада сауаттандыру жұмыстары жүргізілді

2015 жылдың 16 қазан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен ақпараттық-ағарту жұмысын жүргізу аясында «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясы» және ҚР қылмыстық Кодекісіндегі өзгерістерді түсіндіру мақсатында облыстың әлеуметтік саласында сауаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Мысалы, 12 қазан күні облыстық қарттармен мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекемесінде және 14 қазан күні Көшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің жұмысшыларына жемқорлықтың алдын-алу және онымен күресу жолдары туралы ақпараттық семинар-кеңес ұйымдастырды.
Ал, 16 қазан күні Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп, «Ашық есік» ұйымдастырылды. Ашық есік аясында Департаменттің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі М.Нұртазин тұрғындарды жеке сұрақтармен қабылдады. Қабылдаушылардың сұрақтарының басымкөпшілігі жұмыспен қамту мәселесімен байланысты болды. Оларға мемлекеттік және азаматтық қызметке түсі тәртібі және Агенттіктің 1494 call-center орталығы туралы ақпарат берілді.
Кейін, шара Орал қалалық №6 мектебінің акт залында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Оған «Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» ММ, және аталған бөлімнің жұмыспен қамту және еңбек рыногын сараптау секторы ұжымдары қатысты.
Шара басталмас бұрын қатысушыларға облыстық Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – жарқын болашақ кепілі» атты кітап көрмесі, яғни мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық салалары бойынша шығарылған басылымдарға шолу жасалды.
Семинар-кеңестің барысында Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі М.Нұртазин осы тақырыпта жалпылама ақпарат беріп өтсе, Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактика басқармасының басшысы А.Жұбаныш сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы азаматтарды тұрақты түрде ақпараттандырып тұру, мемлекеттік қызметке меритократия қағидасы бойынша тағайындау, протекционизм мен аффилирлену көріністерін жою мәселелеріне ерекше тоқталып, жаңа Қылмыстық Кодексіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың белгілі бір мемлекеттік қызметпен айналысуға өмір бойына құқығынан айырылатындығы, ескіру мерзімі және шартты түрде бас бостандығынан айырылу түсініктерінің алынып тасталғандығы туралы ақпараттандырды.
Ал, департаменттің тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ж.Мұратов бөлімнің негізгі бағыты және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында Тәртіптік кеңесте қаралған кейбір әлеуметтік саладағы тәртіптік істерге тоқталды. Құқықбұзушылықтар көбіне жұмысқа қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы екендігін айтты.
«Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ-інде оның ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелерінде өз қатарларында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға, жүргізілген жұмыстар туралы тұрғындарды ақпараттандыруға, мемлекеттік органның оң, ашық бейнесін қалыптастыруға бағытталған бір қатар іс-шаралар туралы бөлім басшысы А.Төкешева баяндама жасады. Ол 9 айда бөліммен 24 090 қызмет көрсетіліп, оның ішінде 18544 қағаз түрінде, 5546 халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілгендігін мәлімдеді.
Талқылау барысында қатысушылармен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пікір алмасып, жаңа реформалар бойынша сұрақтар қойылды.
Сонымен қатар, қоғамдық пікірді анықтау мақсатында арнайы әлеуметтік сауалнама жүргізілдіді.

