Әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізіледі
«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған кандидаттар Мейрамбек Күнпейсов, Ұлбала Мұсаханова, Диана Сидорина, Мақпал Әбішова ZOOM платформасы арқылы Байылдыр ауылының тұрғындарымен кездесті.
Онлайн өткен кездесуде сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші. «Nur Otan» партиясы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады.
Қалада адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату, ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелерін шешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту жұмыстарына ықпал етеді.
