Әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесуі ұйымдастырылды
«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ауданның әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуде «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев жиналғандарды мерекемен құттықтап, Қазақстанның дамуын қамтамасыз ету бағытында Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін айрықша атап өтіп. Егемен Қазақстанның басты жетістіктері – бірлік пен келісім, бейбітшілік пен тұрақтылық Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының ақын жемісі екендігін баса айтты. Өз кезегінде кездесуге қатынасқан әлеуметтік сала қызметкерлері Біржан Қуаналиевтің сөзін қолдай отырып, Н.Ә.Назарбаевтың барлық саналы өмірі мен оның еңбек жолы Қазақстанның дамып-өркендеуіне арналғандығы туралы тілге тиек етті.
Кездесу соңында аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев партия қатарына жаңадан қабылданғандарға атап айтқанда Нұрлан Абесов,Аян Болатов,Асланбек Мағазов,Едил Елемесов , Батырхан Утегалиевке партия мүшесінің куәліктерін табыс етті. Сонымен қатар, ол 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған барлық дейңгейдегі мәслихаттарға сайлауына Жәнібек ауданынан облыстық мәслихат депутатттығына «Nur Otan» партиясы атынан кандидат болып сайланып, тиісті партиялық тізімге енгізілген Есқайыр Илимисовқа облыстық сайлау комиссиясы берген кәулікті табыстап, оған алдағы сайлауда сәттіліктер тіледі.

