ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы

1

2017 жылы 14 наурызда сағат 12.00-де Қостанай облысы әкімдігінің ғимаратында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Отырысқа Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков, Қостанай облысы әкімінің орынбасары М.Қ.Жүндібаев, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы, Қостанай облысының кәсіподақ орталығы қатысты.

Отырыс барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы - М.Қ.Жүндібаев: «2017 жылға арналған әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс жоспарын бекіту туралы» тақырыбында, «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ басшысы - М.В.Моргунов: «Облыс кәсіпорындарында жалақы бойынша берешек» тақырыбында, «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалары» ММ басшысы - Г.Т.Әбенова: «2016 жылға әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын дамыту жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс  қорытындысы туралы (хаттамалық тапсырмаларды орындау)» тақырыбында сөз сөйледі.

Отырыс соңында Қостанай облысы әкімінің орынбасары М.Қ.Жүндібаев 2017 жылға арналған әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін бірқатар міндеттер қойды.