Әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі бойынша рейд
Қостанай қаласында "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында Қостанай облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті, "Nur Otan", мүдделі мемлекеттік органдар, қаланың белсенді мүгедектері бірлесіп мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі бойынша рейд өткізілді.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін олардың жеке дербестігі мен тәуелсіздігі өте маңызды. Кез келген адам ретінде мүгедек креслода болса да, кез келген мекемеге қиындықсыз кіре алатынына сенуге құқылы. Оның үстіне мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңда бап бар, онда мүгедектерге әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы айтылған. Бірақ біздің өміріміздің шынайылығы осындай, тіпті мүгедектер үшін бейімделген ғимараттарда да бұзушылықтар бар. Және олар өз автокөліктеріне арналған арнайы тұрақ болмағандықтан басталады. Барлық жерде пандустар мен көтергіш құрылғылар стандарттарға сәйкес келмейді. Ғимараттарды салу кезінде арбадағыларға арналған есік ойықтарының енінің қажетті параметрлері әрдайым ескерілмейді. Көрмейтін немесе естімейтіндер үшін рельефті тактильді жабындардың, көрсеткіштер мен дыбысты сигналдардың толық болмауы туралы айтпағанда. Мүгедектер үшін айтарлықтай кедергі әдетте пандустар мен көтергіш құрылғылар болып табылады.
Рейд Қостанай қаласының басты көшелерінің бірі – Тәуелсіздік көшесінде өткізілді. "Милано" сұлулық салоны, ForteBank" филиалы, Облыстық филаморния, Забота дәріханасы, "Көктем - 3" стоматологиясы, "Jysan Bank" филиалы, бірқатар мемлекеттік мекемелер сияқты нысандарға бардық. Іс жүзінде арбадағы мүгедектер қаланың әлеуметтік нысандарына өз бетінше кіре алмады.
Комиссия осы объектілердің барлық өкілдеріне өз объектілерінде қолжетімді кедергісіз ортаны қамтамасыз ету бойынша қажетті ұсыныстар берді.
Естеріңізге сала кетейік, "Nur Otan" партиясы "Кедергісіз келешек" жобасы аясында осындай рейдтерді үнемі өткізіп тұрады. Келесі рейдпен Қостанай қаласының салынып жатқан тұрғын үйлерін тексеру жоспарланған.
-----------------------------------------------------------------
В г.Костанае проведен рейд по доступности социальных объектов для людей с ограниченными возможностями, в рамках партийного проекта «Кедергісіз келешек» совместно с представителями Департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области, «Nur Otan», заинтересованными государственными органами, активными инвалидами города.
Для людей с ограниченными возможностями очень важна их личная самостоятельность и независимость. Как любой человек, инвалид вправе рассчитывать на то, что может попасть в любое учреждение без проблем, даже если он в инвалидном кресле. Тем более в законе о социальной защите инвалидов есть статья, в которой говорится об обеспечении инвалидам доступа к объектам социальной инфраструктуры. Но реалии нашей жизни таковы, что даже в приспособленных для инвалидов зданиях есть нарушения. И начинаются они уже с отсутствия специальной парковки для их автотранспорта. Не везде пандусы и подъемные устройства соответствуют стандартам. При строительстве зданий не всегда учитываются необходимые параметры ширины дверных проемов для колясочников. Не говоря уже о полном отсутствии рельефных тактильных покрытий, указателей и звуковых сигналов для тех, кто не видит или не слышит. Серьезным барьером для инвалидов обычно являются пандусы и подъемные устройства.
Рейд проведен на одной из главных улиц города Костанай – Тәуелсіздік. Посетили такие объекты, как салон красоты «Милано», филиал «ForteBank», Областная филаморния, аптека Забота, стоматология «Коктем- 3», филиал «Jysan Bank», ряд государственных учреждений. Как оказалось, на деле инвалиды-колясочники не смогли самостоятельно попасть на социальные объекты города.
Всем представителям данных объектов комиссией даны необходимые рекомендации по обеспечению на своих объектах доступной безбарьерной среды.
Напомним, «Nur Otan» регулярно проводят подобные рейды в рамках проекта «Кедергісіз келешек». Следующим рейдом запланировано обследовать строящиеся жилые дома города Костанай.
