ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы - қоғам бақылауында!

2020 жылдың 10 сәуір күні «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы басшылығы, облыстық Арнайы мониторингтік топ мүшелері, «Нұр Отан» партиясы филиалы, қалалық мәслихат депутаттары және қоғам белсенділері сауда орындарындағы бағаларға мониторинг жүргізді.

Мониторинг кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлығы бірдей жоқ екені анықталды, алайда оның орнына «премиум» тауарлар қойылған.

«Мирлан» сауда орталығындағы сатушылар келетін тауарлар қымбат болуына байланысты, амалсыз бағаны көтеретіндіктерін жеткізді.

Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органға тауарларды жеткізуші компаниялармен бағаларды реттеу қажеттілігі жөнінде ұсыныс берілді.

БҚО бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек бағалары («Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» ҚР сауда және интеграция министрінің 03.04.2020ж. №63-НҚ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 03.04.2020ж. №113, ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.04.2020ж. №23 БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ):

Бірінші сортты бидай ұны – 134 тг/кг;

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны – 160 тг/кг;

Рожки (өлшеніп сатылатын) – 195 тг/кг;

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп сатылатын) – 297 тг/кг;

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) – 1700 тг/кг;

Тауық жұмыртқасы (І санатты) – 275 тг/кг;

Күнбағыс майы – 396 тг/кг;

Ас тұзы («Экстра»-дан басқа) – 39 тг/кг;

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп сатылатын) – 270 тг/кг.

Баға артқан жағдайда дүкеннің атауы, тауар және сату бағасы, өзіңіздің мәліметтеріңізді (аты-жөні, телефоны) айтып 109 және 8(7112)503419 нөмірлеріне немесе тұрғылықты қала/аудан әкімдігіне хабарлаңыз.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.