ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ ТУРАЛЫ (АӘК жаңа форматта)
2018 жылғы 1 қаңтардан жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек шартты немесе шартсыз ақшалай көмек түріндегі күнкөріс деңгейінің 50% төмен мөлшердегі кірісі төмен азаматтар мен отбасыларға тағайындалады.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасылар үшін үш әлеуметтік төлемді біріктіретін, Бірыңғай жәрдемақы болып табылады:
а) егер отбасының жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің көлемінен 40% аз болса, әрбір отбасы мүшесіне көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек.
б) егер отбасының жан басына шаққандағы күнкеріс деңгейінің көлемінен 60 % аз болса, 1,05 АЕК немесе осы жылы 2 383 теңге мөлшерінде 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын балаларға арналған жәрдемақы;
в) төрт және одан да кіші балалары бар отбасыларына олардың кірістеріне қарамастан берілетін, арнайы мемлекеттік жәрдемақы.
Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек өзінің құрамында еңбекке жарамды мүшелеріне немесе объективті себептермен, олар жұмыспен қамтуды белсенді ынталандыру шараларына қатыса алмайтын, аз қамтылған отбасыларға беріледі. Аз қамтылған отбасылардың осындай санаттарына атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын ешқандай шарттарсыз тағайындалады және ай сайын төленеді.
Шартталған атаулы әлеуметтік көмек еңбекке жарамды аз қамтылған азаматтарға немесе жұмыспен қамтуды белсенді ынталандыру шараларында олардың міндетті қатысуы жағдайында, өз құрамында еңбекке жарамды мүшелері бар, аз қамтылған отбасыларға беріледі.
Осы мақсатта әлеуметтік қызметтер мен алушылар арасында әлеуметтік келісім жасалады. Әлеуметтік келісім 6 айға жасалады, оны 6 айға дейін ұзартуға болады.
Әлеуметтік келісімге қол қою арқылы тараптар өзара міндеттемелерді орындайды: әлеуметтік қызметтер - жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және жәрдемақы төлеу, ал отбасының еңбекке жарамды мүшелері – аз қамтылған санаттарға жататын отбасылардан шығуға бағытталған, әлеуметтік бейімделу мен жұмысқа орналастыру шараларына сапалы түрде қатысу.
Аз қамтылған отбасылардың еңбекке жарамды мүшелері «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында оқуға шығындарын төлеу, әлеуметтік жұмыс орындарында еңбекақысынан 35% субсидия, оқу орындарының түлектері үшін жастар практикасын төлеу немесе жеңілдікпен шағын несиелер түрінде мемлекеттік қолдау алуға болады.
18 жасқа толған, аз қамтылған отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерінің әлеуметтік келісім бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда, сыйақы мөлшерін азайту механизмі қарастырылған: бірінші бұзушылық кезінде - еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің АӘК-нің 50% -ға төмендеуі, екінші бұзушылық - 100%. Сонымен қатар, АӘК балалар күтімімен айналысатын аналар үшін және кәмелетке толмаған балалар үшін толық көлемде сақталады.
Атаулы әлеуметтік көмек алу туралы толық ақпарат алу үшін келесі мекенжайға хабарласуға болады:
1)Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы, Назарбаев даңғылы, 50, Жібек жолы к-ң қиылысы, тел.: 341 04 60, 341 04 61.
2)аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері:
Алатау ауданы: «Шаңырақ-2» шағын ауданы, Жанқожа батыр көшесі, 26,тел.: 395 36 05.
Алмалы ауданы: Назарбаев даңғылы, 50, Жібек жолы к-ң қиылысы, тел.: 341 04 60, 341 04 61 (ішкі1026).
Әуезов ауданы: 3 шағын ауданы, 41-а, тел.: 276 49 92.
Бостандық ауданы: Жандосов к-сі, 2, тел: 392 22 95.
Жетысу ауданы: Мақатаев к-сі, 142, тел.: 279 37 72.
Медеу ауданы: Төле би к-сі, 12, тел.: 291 06 65.
Наурызбай ауданы: «Шұғыла» шағын ауданы, 222/2 , тел.: 385 59 40.
Түріксіб ауданы: Рихард Зорге к-сі, 18, тел.: 234 93 15.
